Қазақстандағы онлайн басылымдардың аудиториясына мониторинг жасаудың цифрлық құралдары


Қаралымдар: 55 / PDF жүктеулері: 133

Авторлар

  • Г.Ж. Болатова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Н.Б. Жунусова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-138-1-109-117

Кілт сөздер:

веб-аналитика, аудиторияны өлшеу, есептегіштер, жаңа медиа, ғаламтор, онлайн-журналистика, Бақ аудиториясы

Аңдатпа

Мақала өзекті тақырыпқа - онлайн БАҚ жұмысында веб-аналитика
мүмкіндіктерін пайдалану мәселелеріне, веб-статистиканың негізгі көрсеткіштерін
талдауға арналған. Бүгінгі таңда журналистика ақпарат беруде және аудитория
санасына әсер етуде үлкен өзгерістерге ұшырады. Әсіресе, соңғы жиырма жылда бүкіл
әлемде БАҚ-тың аудиториямен қарым-қатынасы өзгерді. Аудиторияның көлемі мен
сипаттамаларын дәл анықтап және қызығушылық тудыратын тақырыптар мен
материалдарды тиімді табуға мүмкіндік беретін веб-аналитикалық есептеуіштердің
таралуы аудиторияның сандық өлшеміне ауысуын тездетіп, интернетбасылымдардың танымалдылығының арттырды. Мақалада жаңа медиада вебаналитика есептегіштерін қолданудың оң және теріс тенденциялары ашылып, онлайн
статистикалар ұсынылады. Сондай-ақ, жаңа медианың маңызды тренді әлеуметтік
желілер де атап өтілді. Аудитория зерттеуде веб-аналитиканы пайдалану
тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің түсінігі мен мәні анықталады. Мақалада
онлайн-басылымның сайтының тұтынушыларын анықтауға арналған көрсеткіштер
берілген және Қазақстандағы танымал басылымдар және олардың веб-аналитиканы
қолданудағы артықшылықтары қарастырылған.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Болатова, Г., & Жунусова, Н. (2022). Қазақстандағы онлайн басылымдардың аудиториясына мониторинг жасаудың цифрлық құралдары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 138(1), 109–117. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-138-1-109-117

Журналдың саны

Бөлім

Статьи