Баспасөз қызметін ұйымдастырудың жаңа тәсілдері мен модельдері


Қаралымдар: 51 / PDF жүктеулері: 184

Авторлар

  • Б.К. Сердәлі Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Г.Қ. Ертасова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-138-1-27-37

Кілт сөздер:

медиа, баспасөз қызметі, PR, марктетинг, сыртқы конъюктура, имидж, верификация

Аңдатпа

Баспасөз қызметінің сыртқы – мақсатты аудиториямен байланысы ішкі
бөлімдермен нақты жоспарланып, әрқайсысының атқаратын міндеттеріне сәйкес
белгіленеді. Мұндай орнықты басқару үлгісі ретінде Қазақстан Республикасы
Президенті баспасөз қызметінің ақпараттық және қоғамдық байланыстағы қызметін
мысалға алуға болады. Президент аппаратының баспасөз қызметіндегі қызметкерлердің
қызметтік атқару құрылымы нақты әрі дәл бөлініп берілген. Өкінішке орай, бірқатар
құрылымдардың баспасөз қызметі өз қызмет ауқымына кірмейтін қосалқы қызмет
түрлерімен айналысады: жарнама, PR, GR, маркетинг, өнімдерді жылжыту т.б. Көп
жағдайда бұл міндет объективті жағдайлардан туындайды, яғни, қаражат қорының
жетімсіздігінен орын алады. Негізінен баспасөз қызметінің міндеттерін айқындайтын
нақты жүйе атқарылатын жұмыстың технологиясына байланысты қалыптасуы тиіс.
Қазақстан жағдайында мұндай қызмет себеп пен салдарды түсінбеуден,
қызметкерлердің өз нұсқауларын білмеуден туындайды. Мақалада, міне, осы баспасөз
қызметінің PR саласында тиімді әрі орнықты жұмыс істеуіне нұсқаулық беретін
бірқатар мәселелер сөз болған.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сердәлі, Б. ., & Ертасова, Г. (2022). Баспасөз қызметін ұйымдастырудың жаңа тәсілдері мен модельдері. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series, 138(1), 27–37. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-138-1-27-37

Журналдың саны

Бөлім

Статьи