Интернет-коммуникациядағы кибербуллинг: пайда болуы, өзекті мәселелері


Қаралымдар: 54 / PDF жүктеулері: 247

Авторлар

  • М.Б. Тоқтағазин Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.Т. Тәңірберген Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • С.А. Тілепберген Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-141-4-99-108

Кілт сөздер:

кибербуллинг, киберқудалау, киберқорлау, онлайн қудалау, жеке қауіпсіздік, сауалнама нәтижелері

Аңдатпа

Интернет ақпараттық коммуникация құралы ретінде қоғам өміріне дендеп енді. Дәстүрлі БАҚ ақпаратын белгілі бір жаздырып алушылар ғана пайдаланса, интернетте жарияланған жазбаларды жас ерекшелігіне қарамастан кез келген адам пайдаланатын кезеңге қадам бастық.
Заманның өзгеруімен интернет-кеңістікте де әртүрлі құбылыстар белең алуда. Бүгінгі
таңда ғаламтор арқылы балаларды қорқыту, оның жан-дүниесіне кері әсер тигізу, яғни
кибербуллинг кең тарай бастады. Мақалада осы құбылыстың үш ерекшелігі қарастырылып, кибербуллингтің құрбаны болмауы үшін ата-аналар тарапынан қандай бақылау
керектігі сараланды. Сондай-ақ, ата-аналар арасында сауалнама жүргізіліп, статистика
ұсынылды.
Әлемде ақпараттық технологиялар саласында көптеген аспектілер орын алып, адамның компьютерді қолдануы барысында көптеген мәселелер туындауда. Қазіргі жаһандану заманында шеті көрінбейтін Интернет әлемі үлкен ақпараттық банкке айналды,
оны пайдаланушылар саны да күн сайын өсіп келеді. Интернет желісі қолданушыларға
үлкен мүмкіндік берді, бірақ сонымен қатар бір-біріне залалын тигізуі мүмкін әртүрлі
ақпаратты жасауда шексіз еркіндікке жол ашты. Өкінішке орай, желі пайдаланушылары бұл мүмкіндіктерді әртүрлі мақсаттарда пайдаланады. Олардың кейбіреулері
әлеуметтік желілерде зиянды ақпаратты жіберу арқылы жасөспірімдердің санасына
зиян келтіруге тырысады. Мақалада интернет-коммуникацияның жаңа құбылысы –
кибербуллинг әлеуметтік проблема ретінде қарастырылып, оны шешу жолдары қарастырылған.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тоқтағазин, М. ., Тәңірберген, А., & Тілепберген, С. . (2022). Интернет-коммуникациядағы кибербуллинг: пайда болуы, өзекті мәселелері. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series, 141(4), 99–108. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-141-4-99-108

Журналдың саны

Бөлім

Статьи