Цифрлық медиадағы подкастинг: ғаламдық контекст және отандық үдерістер


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-156-3-139-155

Кілт сөздер:

подкастинг, жаңа медиа, цифрлық журналистика, сторителлинг, цифрлық медиа, Қазақстандағы подкастинг, медиа тұтыну

Аңдатпа

Цифрлық медианың қарқынды дамуы ақпаратты өндіру, тарату және тұтыну тәсілдерін өзгертіп, подкастингтің журналистикадағы дербес медиаформат ретінде қалыптасуына ықпал етті. Әлемдік медиа-кеңістікте подкастинг кәсібилену, монетизация және аудиториямен өзара әрекеттесудің тұрақты тетіктерін қалыптастырғанымен, Қазақстанда бұл бағыттың институционалдық, технологиялық және мазмұндық ерекшеліктері әлі де жүйелі зерттеуді қажет етеді. Осыған байланысты зерттеудің мақсаты – цифрлық медиадағы подкастингтің даму үдерістерін әлемдік тәжірибе негізінде саралап, Қазақстандағы қалыптасу ерекшеліктері мен негізгі тенденцияларын айқындау.

Зерттеуде сипаттамалық, салыстырмалы-талдамалық және жүйелеу әдістері қолданылды. Подкастингтің тарихи қалыптасуы, функционалдық және жанрлық ерекшеліктері ғылыми әдебиеттер негізінде қарастырылып, халықаралық және қазақстандық подкаст-жобалары мазмұны, аудиториясы, таралу арналары, монетизация тетіктері және кәсібилену деңгейі бойынша салыстырылды. Сонымен қатар, Қазақстандағы подкастингтің дамуына ықпал ететін әлеуметтік-мәдени, технологиялық және құқықтық алғышарттарды анықтау үшін ашық дереккөздердегі статистикалық мәліметтер мен цифрлық платформалардың көрсеткіштері пайдаланылды.

Зерттеу нәтижелері әлемдік тәжірибеде подкастингтің дербес медиаөнім ретінде орнығып, кәсіби өндіріс, монетизация және аудиториямен тұрақты байланыс модельдерін қалыптастырғанын көрсетті. Қазақстанда подкастингтің дамуына интернет пен мобильді технологиялардың қолжетімділігі, жас аудиторияның белсенділігі және қазақ тіліндегі цифрлық контенттің көбеюі ықпал етіп отырғаны анықталды. Сонымен бірге, отандық подкастингте тұрақты монетизация тетіктерінің жеткіліксіздігі, кәсіби өндіріс деңгейінің әркелкілігі және институционалдық қолдау мен құқықтық реттеудің әлсіздігі байқалады. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы подкастингтің қазіргі даму бағытын жүйелеуге және оның отандық цифрлық журналистикадағы әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-10-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Иса, С., & Тоқтағазин, М. (2026). Цифрлық медиадағы подкастинг: ғаламдық контекст және отандық үдерістер. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 156(3), 139–155. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-156-3-139-155

Журналдың саны

Бөлім

Статьи