Халықаралық білім беру бағдарламаларының масс-медиадағы имиджі: «Forbes Kazakhstan» және «The Japan Times» мақалаларына контент-анализ


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-155-2-64-78

Кілт сөздер:

Forbes Kazakhstan, The Japan Times, масс-медиа, халықаралық білім беру бағдарламалары, контент-анализ, имидж, қоғамдық пікір

Аңдатпа

Бұл мақала «Forbes Kazakhstan» журналы және «The Japan Times» газетінің контентін салыстыра отырып, Қазақстанның және Жапонияның медиа алаңындағы халықаралық білім беру бағдарламаларының көрінісін талдауға бағытталған. Бүгінгі күні бұл бағдарламалар тек білім беру саласында ғана емес, сонымен қатар елдердің инновациялық дамуы мен адами капиталын арттыруда, жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыда бұқаралық ақпарат құралдары білім беру саясатының дамуына айтарлықтай әсер етеді. Зерттеу барысында контент-анализ әдісі қолданылып, халықаралық білім беру бағдарламаларының «Forbes Kazakhstan» және «The Japan Times» басылымдарында оқырмандарға ұсынылу ерекшеліктері, мақалалардың тақырыптық бағыттары, мазмұнының оң немесе теріс сипаты және қоғамға ықпалы зерттелді. Зерттеу жұмысы білім беру мүмкіндіктері, шет тілі, халықаралық ынтымақтастық және шетелде оқыту бағдарламалары тақырыптарын қарастыратын 2024 жылғы жарияланымдарды қамтиды. Зерттеу нәтижелері халықаралық білім беру бағдарламаларының «Forbes Kazakhstan» журналы арқылы қоғам алдында қалыптасатын бейнесін айқындап, «The Japan Times» мақалаларымен салыстыру негізінде Қазақстанның білім беру саясатын жетілдіру және бағдарламалардың беделін арттыру бойынша ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Болатова, Г. ., & Мулькаман, Н. . (2026). Халықаралық білім беру бағдарламаларының масс-медиадағы имиджі: «Forbes Kazakhstan» және «The Japan Times» мақалаларына контент-анализ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 155(2), 64–78. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-155-2-64-78

Журналдың саны

Бөлім

Статьи