«Ақиқат» («Қазақстан коммунисі») журналының жаңа кезеңге трансформациялануы


Қаралымдар: 111 / PDF жүктеулері: 76

Авторлар

  • Ермаганбетова Ермаганбетова «Ақиқат» («Қазақстан коммунисі») журналының жаңа кезеңге трансформациялануы
  • А.Е. Айтбаева Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • A.K. Абдразахова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-142-1-73-79

Кілт сөздер:

периодические издания, содержание журнала, писатель-деятель, жанры публицистики

Аңдатпа

Қай кезеңде болмасын мерзімді басылымдар ақиқат өмірдің айнасы бола білді. Онда жарияланған публицистикалық шығармалардан сол кезеңнің бет-бейнесін, заман тарихын білеміз. Мақалада «Ақиқат» («Қазақстан коммунисі») журналының жаңа кезеңге трансформациялануы сөз болады. Сонымен бірге сол тұста қоғам дамуындағы өзгерістерді бейнелейтін, әсіресе саясат, тарих, мәдениет, әдебиет, өнер т.б. тақырыбында жарық көрген материалдар мен ғылыми мақалаларға сараптама жасалады.

Зерттеуде басылымның тақырыбын кеңейтуге, теориялық-танымдық дәрежесін көтеруге ықпал еткен редакторлар мен журналға белсене араласып, өздерінің үлгілі істерімен артына мол мұра қалдырған қазақтың бетке ұстар қайраткер-қаламгерлері туралы баяндалады.

Ғылыми зерттеудегі көзделетін мақсат - ел тарихымен бірге жасасып келе жатқан басылымның қазақ публицистикасын дамытудағы рөлін айқындау. Қайта құру жылдарында өз кезеңінің өзекті мәселелеріне үн қосқандығын нақты мысалдар арқылы көрсете отырып, жанрлық ерекшеліктеріне назар аударады. Автор кеңестік кезеңдегі партиялық журналдың мазмұнына шолу жасайды. Жаңаша бағытқа бет бұрған журналдың оқырмандар сұранысын қанағаттандырудағы шығармашылық ізденістері туралы тұжырымдар жасалады.

Мақаланы жазу барысында теориялық материалдарды зерделеу және жүйелеу, талдау, қорыту әдістері пайдаланылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-05-17

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ермаганбетова Z., Айтбаева A. ., & Абдразахова A. . (2023). «Ақиқат» («Қазақстан коммунисі») журналының жаңа кезеңге трансформациялануы. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series, 142(1), 73–79. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-142-1-73-79

Журналдың саны

Бөлім

Статьи