Мектепке дейінгі балаларға арналған анимация өндірісіндегі балалар тележурналистінің кәсіби рөлдері: Қазақстан мен Қырғызстан тәжірибесі


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

балалар журналистикасы, анимация, жасанды интеллект, Lean Animation, Орталық Азия, аксиология, медиа білім беру

Аңдатпа

Мақала генеративті жасанды интеллект технологиялары мен «үнемді анимация» (Lean Animation) әдіснамасын енгізу жағдайында балалар тележурналистінің кәсіби рөлдері мен функцияларының трансформациялануын талдауға арналған. «Төбетай» эксперименталды жобасының негізінде Қазақстан мен Қырғызстанның медиакеңістігіндегі редакциялық қызметтің жаңа технологиялық сын-қатерлерге бейімделу процесі, сондай-ақ цифрлық контенттегі мәдени кодты сақтау тетіктері зерттеледі. Жұмыстың негізіне «Balapan» және «Balastan» ұлттық балалар арналары контентінің компаративті талдауы, сондай-ақ анимациялық сериалдың өндірістік циклі аясындағы қатысушы бақылау әдісі алынған. Мәтіннің когнитивтік қолжетімділігін бағалаудың психолингвистикалық әдістері (TTR, MLU), визуалды-семиотикалық талдау және Lean тұжырымдамасы аясындағы өндірістік процестердің тиімділігін математикалық модельдеу қолданылды. Авторлар кәсіби рөлдердің жаңа типологиясын анықтап, теориялық тұрғыдан негіздеді: журналист промпт-инженер, аксиологиялық куратор және этно-редактор ретінде қарастырылады. Lean Animation моделін қолдану өндірістік шығындарды 3,2 есе қысқартуға, сонымен бірге жоғары деңгейдегі этно-мәдени түпнұсқалық пен визуалды қауіпсіздікті сақтауға мүмкіндік беретіні дәлелденді. Қазіргі анимацияда журналист 3–4 жастағы балаларға арналған контенттің этикалық және лингвистикалық параметрлерін көпдеңгейлі валидациялауды жүзеге асыратын «медиа-орта сәулетшісі» функцияларын атқаратыны анықталды. Мақалада тұжырымдалған қорытындылар мен ұсынылған өндіріс моделі импортты алмастыру қарқынын жеделдету және жаһандық бәсекелестік жағдайында мәдени егемендікті нығайту үшін ұлттық телеарналардың практикасына енгізілуі мүмкін. Зерттеу нәтижелері журналистика факультеттерінің оқу жоспарларын және медиа-менеджерлердің біліктілігін арттыру бағдарламаларын жаңарту үшін құнды болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-04-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сабыр, А., Кошкенов, Н., & Рыскельдинова, С. (2026). Мектепке дейінгі балаларға арналған анимация өндірісіндегі балалар тележурналистінің кәсіби рөлдері: Қазақстан мен Қырғызстан тәжірибесі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 154(1), 75–89. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/933

Журналдың саны

Бөлім

Статьи