ХХ ғасыр басында қазақ кітаптарын шығарудағы Қазан баспахана- ларының рөлі
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
баспахана, баспа кітаптары, кітап шығару ісі, таралым, тираж, кітап саудасы, кітап өндірісіАңдатпа
Мақалада ХХ ғасыр басындағы Қазан қаласындағы баспаханаларда шығып тұрған қазақ баспа кітаптарының шығуы мен оларды қолданудың мүмкіндіктері, мәселелері қарастырылады. Мақаланың негізгі мақсаты – ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы Қазан қаласының қазақ руханияты мен баспа ісінің дамуына қосқан үлесі, қазақ тіліндегі алғашқы кітаптардың жарық көруі, сондай-ақ сол кезеңдегі баспахана- лардың ағартушылық бағыттағы рөлін талдау, баспа ісінің даму жолдарын анықтау, баспа өнімдерінің мазмұны, тақырыптық ерекшеліктері мен тарихи маңызы көрсетіліп, қазақ ұлттық мәдениеті мен білім беру ісіндегі орнын айқындау. Зерттеу әдістемесі ретінде талдау, деректерді өңдеу және сараптамалық бағалау әдістері басшылыққа алынды. Зерттеудің маңыздылығы ХХ ғасыр басындағы Қазан қаласында жарық көрген қазақ тіліндегі баспа кітаптары мен баспаханаларға қатысты архивтік құжаттар, мерзімді басылымдар және ғылыми еңбектерді саралауға бағытталған. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, дереккөздерді жүйелеу және салыстырмалы талдау әдісі арқылы әртүрлі баспаханалардың қызметі, баспа өнімдерінің мазмұны мен таралу ауқымы анықталды. Қазан қаласындағы баспа ісінің қазақ руханиятының қалыптасуына ықпалы баса айтылады.
