Цифрлық кеңістіктегі этикалық сын-қатерлер


Қаралымдар: 154 / PDF жүктеулері: 69

Авторлар

Кілт сөздер:

этика, әлеуметтік желі, медиа, жалған ақпарат, кибербуллинг, Facebook, жеке ақпарат

Аңдатпа

Қазіргі кезде ғаламдық желі – жаһандық мәселені шеше ала- тын, ең қуатты әрі маңызды ақпарат кеңістігінің бірі. Оның артықшылығына тоқталатын болсақ, интернет интерактивті, сол себепті тұтынушы тобымен «тап қазір» режіміндегі үздіксіз диалог жүргізуге болады. Бұл – жалпыға ортақ жаһандану жолындағы маңызды қадам, өйткені интернет желісінің көмегімен адамдар бір-бірімен кез келген жерден, түрлі құрлықтан хабар алыса алады. Интернет желісі арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен адамдармен тәжірибе алмасуға, достары және мүлдем бейтаныс адамдармен сөйлесуге мүмкіндік мол. Алайда әлеуметтік медиа осындай артықшылық әкелгенімен, этикалық қиындық та тудыруда. Әлеуметтік медиа платформасы жеке деректің зор көлеміне қол жеткізе алады және бұл деректердің сақталуы, жиналуы және пайдаланылуы туралы алаңдаушылық бар. Пайдаланушылар көбінесе құпия ақпаратты бөлісудің тәуекелін толық түсінуі тиіс. Әлеуметтік медиа платформасы қауіпті және ауыр салдары болуы мүмкін жалған жаңалықтың жылдам таралуын жеңілдетеді. Жалған ақпарат, өшпенділік тілі, кибербуллинг адамдардың шешімі мен сеніміне әсер етуі мүмкін. Бұл мақалада біз медиада пайда болуы ықтимал мәселе мен қиындықты қарастырып, оларды жеке адам мен қоғамның этикалық әрі жауапкершілік тұрғыдан шешу қажеттігін талқылаймыз.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Рамазанова, Ж. ., Қалиев, Б. ., & Түйте, Е. . (2026). Цифрлық кеңістіктегі этикалық сын-қатерлер. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 153(4), 40–56. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/873

Журналдың саны

Бөлім

Статьи