Орта Азия медиасындағы визуалды контенттің рөлі: цифрлық дәуірдегі трендтер
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
Орта Азия, визуалды контент, медиакоммуникация, цифрлық дәуір, медиатрендтер, мәдени сәйкестік, қоғамдық пікірАңдатпа
Бұл мақалада Орта Азиядағы медиакоммуникациялық үрдістегі визуалды контенттің рөлі қарастырылады. Цифрлық дәуірде ақпаратты қабылдау форматы өзгеріп, бейнелер, инфографикалар, қысқа видеолар мен әлеуметтік желідегі визуалды материалдар коммуникацияның негізгі құралына айналуда. Зерттеу барысында аймақтағы медиатрендтер, аудиторияның визуалды контентке деген сұранысы және оның мәдени ерекшеліктермен байланысына талдау жасалады. Сонымен қатар, заманауи коммуникациялық технологиялардың ықпалы, брендтер мен ұйымдардың визуалды стратегиялары, сондай-ақ қоғамдағы ақпараттық кеңстікті арттырудағы маңызы айқындалады. Авторлар Орта Азиядағы цифрлық медиакоммуникацияда визуалды контенттің дамуы тек ақпарат жеткізу құралы ғана емес, сонымен бірге мәдени сәйкестікті нығайту мен қоғамдық пікірді қалыптастыру факторы екенін атап көрсетеді.
