Заманалы фактчекинг үкімдерінің медиадағы эволюциясын салыстырмалы талдау


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

фактчекинг, верификация, үкімдер, жалған ақпарат, дезинформация, арандату амалдары

Аңдатпа

Бүгінгі журналистика өрісінде деректердің растығын немесе жалғандығын жедел аңдай алу, жазбай тани білу қазіргі ғаламтор дамуы кезеңінің өзекті проблемаларының біріне айналып отыр. Тарата айтсақ, бұл ағымның (күмәнді контенттердің) күшеюіне ХХІ ғасырдың бас кезінде ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндіктерінің артуы, коммуникациялық алаңға бейкәсібилердің молынан шығуы әсер етті. Ұсынылып отырған мақаламыз көшпелі уақыттың, әлеуметтік танымның негізгі түйткілі ретінде бой көрсеткен осы өткір мәселеге – жалған жаңалықтарды анықтау амалдарына, әдіс-тәсілдеріне арналады. Зерттеуімізде медиа кеңістіктегі фактчекинг үкімдерінің этимологиясы, мәні, оның дүниеге келу қажеттілігі мен себептері талданды. Еуропа, Америка, Ресей және қазақстандық ғалымдардың тұжырымдамалары сарапталады, жалған ақпараттың нақты пішіндері анықталады, сонымен бірге оның жандану табиғатын ашуға ұмтылыс жаса- лады. Қазіргі таңда интернет сайттарында тектес ақпараттардың түйдектеле таратылуы, әртүрлі әліптелуі бастапқы факті сипатының өзгеруіне, жалған хабарламалар санының артуына себеп болуда. Бұны біз тарихи шындықты, үдеріс хронологиясын білместіктің немесе әдейі бұрмалаудың бір көрінісі деп білеміз. Осы құбылыстардың барлығын байыптай отырып, фактчекингтегі үкімдердің теориялық негіздері хақында ой түйеміз. Жалған ақпараттың қоғамға, ғылыми танымға тигізер залалы туралы байламды нақты мысалдарға сүйене отырып жасаймыз. Осыған орай біз цифрлық кеңістіктің қазіргі сәттегі көз ілеспес толқынысын, ғылыми тәжірибенің осы жылдамдыққа ілесе алмай жатқанын да еске аламыз. Авторлар зерттеу қорытындысында қазіргі фактчекингтегі үкімдерді қазақстандық және ресейлік цифрлық басылымдардың материалдарына иек арта отырып жасайды, олардың ерекшеліктері мен ақпарат тарату әлеуетін салыстыра қарастырады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ибрайымов, А. ., Камзин K., & Сләмғажы, А. (2026). Заманалы фактчекинг үкімдерінің медиадағы эволюциясын салыстырмалы талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 153(4), 7–20. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/870

Журналдың саны

Бөлім

Статьи