Медиакеңістік: тарихи-мәдени мұраны сақтаудағы музей тәжірибесі
Қаралымдар: 0
Кілт сөздер:
медиакеңістік, тарихи-мәдени мұра, музей практикасы, тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудың цифрлық форматы, мәдени кодАңдатпа
Мақалада медиакеңістік негізінде тарихи-мәдени мұраны сақтау және дәріптеу бойынша музей тәжірибесі қарастырылады. Зерттеу жұмысының мақсаты – мәдени мұраны сақтау және насихаттау мәселесінде музей медиакеңістігінің қазіргі жағдайын зерттеу және талдау. Зерттеудің ғылыми идеялары – ақпараттық технологиялардың дамуымен музей қызметі тарихи-мәдени мұраны сақтау мен дәріптеудің жаңа форматына ие болуда. Осы орайда медиакеңістікте тарихи-мәдени мұраның сандық қорын жасау тенденциясы туындайды. Зерттеу әдістері: эмпирикалық материалдармен жұмыс жасау барысында дискурстық талдау, пәнаралық тәсіл, коммуникативті емес әдістер, тарихи принцип қолданылды. Пәнаралық тәсіл негізінде сандық контент құру мәселесінде әртүрлі пәндердің қызметі талданғанына баса назар аудару керек. Коммуникативті емес әдістер негізінде іргелі жұмыстар, ЮНЕСКО-ның ресми құжаттары, зерттеу тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының заңдары зерделенді. Зерттеу нәтижелері: тарихи-мәдени мұраны медиакеңістікке орналастыру көрермендермен қарым-қатынастың неғұрлым қолжетімді форматы болып табылады, ғылыми ізденістер жинағы қалыптасып, мәдени игілік туралы мәліметтер базасы құрылады. Музей қызметі медиакеңістіктің арқасында бұдан әрі біржақты болмайды деп қорытында жасауға болады, себебі ол аудиториямен дискуссияға түседі. Зерттеудің құндылығы келесіде: мақалада тарихи-мәдени мұраны медиакеңістікке насихаттау тәжірибесі, атап айтқанда мәдени мұраны сақтауда медиатехнологияны қолданудың музей тәжірибесі сараланған.




