Әйелдерді манипулияциялаудың жариялылығы мәселелері

Манипуляцияның түрлері


Қаралымдар: 0

Авторлар

  • Ақерке Еркімбек ҚазҰУ

Кілт сөздер:

манипулияция, әйел құқығы, гендерлік теңсіздік, БАҚ, жариялылық мәселелері

Аңдатпа

Әйелдерге жасалатын манипуляция – гендерлік теңсіздік пен стереотиптердің нәтижесінде туындайтын күрделі әлеуметтік және психологиялық құбылыс. Бұл мақалада әйелдерге жасалатын манипулияция түрлері мен оның жариялылығы мәселелері талданды. Арнайы жүргізілген зерттеу жұмысы арқылы әйелдердің өміріндегі ең жиі орын алатын қысым көрсету түрлері мен одан кейінгі әрекеті, оған қатысты көзқарас, қоршаған ортасындағы осы құбылыстың құрбаны болған әйелдер жайлы ақпараттар анықталды. Қазіргі БАҚ-тағы осы мәселенің жариялануы мен ашық айтылуы нақты мысалдармен дәлелденді.  

    Арнайы зерттеудің мақсаты – әйелдерге жасалатын манипуляцияның медиада ашық жариялануына жол ашу, қысылмай баяндауға түрткі болу, құрбан болудан құтқаратын тәсілдерді жан-жақты деректі ақпараттармен түсіндіру. Әйел өмірі қоғам пікірінен биік екенін, психологиялық манипуляциямен күресу жолы бар екенін ашық көрсетуді мақсат тұттық.

    Зерттеудің қорытынды тұжырымы арқылы мәжбүрлеуге тап болған әйелдердің оқиғаныашық жариялауға қорқып, әрекетсіз қалатындығы анықталды. Күшпен манипуляция жасап, зорлық-зомбылыққа әкелген жағдайлар да, өтірік мақтаумен жасалатын манипулияциялар да жиі кездеседі. Мақалада мұндай деректер де ашық талданды. Әйелдердің құқықтары мен қауіпсіздігі – әрбір қоғам мүшесінің ортақ міндеті.

Жарияланды

2026-06-03

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Еркімбек, А. (2026). Әйелдерді манипулияциялаудың жариялылығы мәселелері: Манипуляцияның түрлері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 154(1). Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/839

Журналдың саны

Бөлім

Статьи