FACEBOOK-ТЕГІ ҚАЗАҚТІЛДІ ТОПТАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ПІКІРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ: КОММУНИКАЦИЯ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ САЯСИ БЕЛСЕНДІЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
Қаралымдар: 0
Кілт сөздер:
Facebook, әлеуметтік желі, қоғамдық пікір, саяси белсенділік, коммуникацияАңдатпа
Бұл ғылыми жұмыста әлеуметтік желілердің, соның ішінде Facebook-тегі қазақтілді топтардың қоғамдық сананы қалыптастырудағы әсері зерттеледі. Қазақстанның ақпараттық кеңістігіндегі қазақтілді топтар әлеуметтік және саяси мәселелерге қатысты қоғамдық пікірді қалыптастырады. Бұл топтар ұлттық мәдениетті насихаттауда, тіл мәртебесін көтеруде және саяси белсенділікті көрсетуге ықпал етуде маңызды рөл атқарады. Мақаланың мақсаты – қазақтілді топтардың қоғамдық сананы өзгертуге және әлеуметтік белсенділікті арттыруға қосқан үлесін анықтау. Зерттеуде аталған әлеуметтік желілердің ықпалын дәлелдейтін нақты деректер келтірілген. Сонымен қатар, тақырыпты талдау барысында үш негізгі аспект қарастырылды:
- Қазақтілді топтардағы ақпарат алмасу ерекшеліктері;
- Әлеуметтік желілерде тіл мәртебесін көтерудегі қазақтілді топтардың рөлі;
- Әлеуметтік қозғалыстар және әлеуметтік әділеттілік мәселелері.
Зерттеу нәтижелері қазақтілді топтардың қоғамдық санаға әсер ететін мүмкіндіктерін айқын түсінуге жол ашады.




