Отандық телеарналардың медианарықтағы қызметіне талдау


Қаралымдар: 119 / PDF жүктеулері: 157

Авторлар

  • Ж.Ж. Алдабергенова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.А. Маманкул Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А. Пернебекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-141-4-8-14

Кілт сөздер:

БАҚ, интернет БАҚ, телеарна, медианарық, рейтинг, мониторинг, әлеуметтік желі

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде тіркеліп, отандық медианарықта жұмыс істеп тұрған телеарналардың қызметіне, бағыт-бағдарына, олардың эфирлік кестесіндегі жобаларға, рейтинг кестесіндегі орнына талдау жасалады. Республикалық телеарналардың медианарықтағы рейтингін 20 жылдан бері Kantar («TNS Central Asia» ЖШС) компаниясы
мониторинг жасап, зерттеп отырады. Компания ұсынған зерттеулерге сүйеніп, отандық телеаналар медиа-жоспар, эфирлік кестелер жасайды. Бұл – Қазақстандағы медианарыққа мониторинг жасап отыратын жалғыз компания.
Бір ғана компанияның зерттеуі біржақты пікір екенін ескере отырып, авторлар телекөрермендер
арасында арнайы сауалнама жүргізген. Kantar компаниясы мен сауалнама деректері салыстырылып,
телекөрермен сұранысына талдау жасалған. Талдау барысында көрерменнің тұрғылықты жері, жасы,
жынысы да ескерілген. Осы зерттеулер нәтижесіне сүйеніп, бірнеше республикалық телеарнаның қызметіне, контентіне, әлеуметтік желілердегі аккаунтарына сараптама жасалған.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Алдабергенова Z., Маманкул, А., & Пернебекова, А. (2022). Отандық телеарналардың медианарықтағы қызметіне талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 141(4), 8–14. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-141-4-8-14

Журналдың саны

Бөлім

Статьи