Кітап индустриясына инвестиция тартудың жаңа жолдары
Қаралымдар: 114 / PDF жүктеулері: 76
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2025-151-2-33-48Кілт сөздер:
кітап ісі, қаржыландыру, мәдени мұра, краудфандинг, Kickstarter, баспалар, мемлекеттік бағдарламаларАңдатпа
Мақалада Қазақстандағы баспа индустриясы мәселелері мен оны дамыту, жетілдіру мүмкіндіктері қарастырылады. Мемлекеттік және жеке қаржыландыру көздері, қолданыстағы бағдарламалар мен халықаралық тәжірибе талданады. Сондай-ақ, отандық кітап нарығын дамыту үшін қажетті стратегиялық шаралар ұсынылады. Зерттеудің әдістемесі әлеуметтік зерттеуге, ашық дерек көзі мен әлемдік кітап баспа ісінің даму динамикасының деректерінен құрылған. Қазіргі күнде қай мемлекет болсын кітап басу саласын қаржыландырудың әр түрлі жолдарын қарастыруда. Кітап шығаруды қаржыландырудың әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстандық баспалардың тығырықтан шығу жолдары көрсетіледі. Баспа саласы бәсекеге қабылетті болу үшін қоғамның да белсенділігінің жоғары болуы маңызды. Сонымен бірге шет мемлекеттерде, ТМД елдерінде жазушылардың кітаптарын басып шығаруға ат салысып жүрген әдеби агенттердің қызметі де жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Сондықтан жазушы мен баспа, оқырман арасындағы дәнекер – әдеби агенттердің қызметін біздің кітап өндіру саласына кеңінен енгізу де кезек күттірмейтін мәселе. Мақаланы жазудағы мақсат – кітап кеңістігіндегі өзгеріске сараптама жасап, толғақты мәселелерді саралау және оны жақсартуға қатысты ұсыныс тұжырымдамалар әзірлеу.
