Журналистік білім берудегі тұрақты даму концепциясы
Қаралымдар: 29 / PDF жүктеулері: 51
Кілт сөздер:
Медиа ТДМ, білім беру, экологиялық журналистика, климат өзгерісі, ЖАОКАңдатпа
2030 жылға дейін тұрақты даму мақсаттарына жету көзделген күн тәртібіне халықаралық қоғамдастықтармен бірге жоғары оқу орындары да үлес қосып, Қазақстандағы білім берудің деңгейі мен сапасын арттырудағы ұзақ мерзімді тұрақты тенденцияларды қалыптастыра алады. Бұл жоғары оқу орнының инновациялық, жоғары технологиялық, инклюзивті ресурстарымен тәрбиелейтін құралдарға ие жоғары әлеуетімен байланысты, әрі пікір еркіндігі, ақпаратқа қолжетімділік, БАҚ туралы заң мәселелерінде академиялық қоғамдастықтың рөлі зор. Тұрақты дамудағы журналистиканың рөлі өткір экологиялық, табиғи апаттар мен әлеуметтік мәселелер бас көтерген дәл қазіргі кезеңдегідей маңызды болмаған. Цифрлық, мультимедиялық интерактивті коммуникациялық технологиялар дәуірінде халықаралық деңгейде журналистер дайындау, оқу бағдарламаларының сапасын арттыру өзекті мәселеге айналды. Тұрақты даму мақсатындағы журналистика объективті, толыққанды, жан-жақты ақпарат берумен қатар, теңсіздікті азайту, климат өзгерісі, қоршаған орта т.б. мәселелердің шешілуіне үлес қосады. Жаңа форматтар журналистерден жоғары құзіреттілікті, сауаттылықты, этикалық дилеммаларды шешу, ақпарат алмасудың жаңа әдіс-тәсілдерін түсіну, фактчекинг, өзекті тақырыптар бойынша қоғамдық пікірталастар ұйымдастыру және сапалы контент түзу дағдыларын талап етеді. Мақалада тұрақты даму мақсаттары аясында журналистік білім беру мәселелері қарастырылып, халықаралық жобалардағы жұмыс тәжірибесі зерделеніп, негізгі концептер қалыптастырылып, авторлық тұжырымдар ұсынылады.