Отандық әлде халықаралық басылым? Ғалымдардың таңдауына мемлекеттің әсері: Қытай және Қазақстан


Қаралымдар: 40 / PDF жүктеулері: 32

Авторлар

  • Фэнг Ву Сиань Цзяотонг университеті
  • Н.Т. Шынгысова әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
  • А.И. Скрипникова әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2024-4-149-149-163

Кілт сөздер:

бағалау саясаты, отандық басылым, халықаралық басылым, жарияланым белсенділігі, жарияланым белсенділігінің құрылымы

Аңдатпа

Мақалада Қытай мен Қазақстандағы халықаралық басылымдарда ғалымдардың жарияланымдарын мемлекеттік ынталандыру мен қаржылық қолдаудың нәтижелері қарастырылады. Зерттеу барысында келесі дерекқорлардың мәліметтері пайдаланылды: Қытай үшін – US SCI және EI Compendex, Қазақстан үшін – Scopus және Web of Science. Қытай үшін іріктеу стандарты CNKI (ең ірі әрі толық қытай деректер базасы) негізінде жасалды. Қазақстан үшін мұндай талдау жүргізілген жоқ, өйткені елімізде отандық ғылыми жарияланымдардың бірыңғай электрондық базасы жоқ. Әрине, экономикалық интеграция, сондай-ақ ғылым мен техниканың жаһандануы аясында кез келген елдегі академиялық зерттеулерді жаһандық ортадан оқшаулау мүмкін емес. Халықаралық жарияланымдар ғылыми дамудың алғышарты. Халықаралық жарияланымдар белсенділігінің белгілі бір пайызы ғылыми алмасулардағы қажеттіліктен туындайды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жетекші ғалымдар мақалаларын отандық ғылыми журналдарда емес, халықаралық рейтингтік басылымдарда ағылшын тілінде жариялауға басымдық береді. Мақалада осы саладағы өзекті мәселелер анықталып, авторлық тұжырымдар ұсынылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ву F., Шынгысова N., & Скрипникова A. (2024). Отандық әлде халықаралық басылым? Ғалымдардың таңдауына мемлекеттің әсері: Қытай және Қазақстан. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 4(149), 149–163. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2024-4-149-149-163

Журналдың саны

Бөлім

Статьи