Медиакеңістіктегі post-truth ұғымы және оның саяси сипаты


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Г.А. Есімова Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Г.Қ. Ертасова Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

рost-truth, манипуляция, популист, эмоция, ақиқат

Аңдатпа

Мақала қазіргі саяси коммуникациядағы шындықтан кейінгі құбылысты талдауға арналған. Цифрлық технология дамыған ақпараттық қоғам дәуірінде шындық пен жалғанды ажыратудың қиындығы күн сайын сезіліп келеді. Сондықтан да post-truth немесе «постшындық»  ұғымы қазіргі заманғы медиакеңістік пен саяси дискурстардың маңызды сипаттамасы ретінде қалыптасты. Мақалада медиакеңістіктегі post-truth ұғымының мәні, этимологиясы, оның пайда болу себептері және саяси сипаттамалары талданады. Батыстық, ресейлік, қазақстандық ғалымдар тұжырымдары сарапталып, постшындық дәуірінің теріс әсерін болдырмау тәсілдері қарастырылады. Интернеттегі цензураның болмауы әртүрлі деңгейлерде таралатын жалған хабарламалар санының көбеюіне әкелетіндігі, шындықтан кейінгі дәуірде деректер, дәлелдер, теориялық негіздер және сыни ойлаудың қандай рөл атқаратындығы мысалдар арқылы дәлелденеді. Жалған ақпараттың қоғамға тигізетін кері әсері, олардың саяси салдары, қазіргі цифрлық кеңістікті қалай өзгертетінін көрсетеді. Авторлар зерттеу қорытындысында постшындық саяси кеңістігінде популистік лидерлер жиі пайда болып, өз мүддесіне жету үшін жалған уәде беріп, ешқандай шындықпен санаспай, сайлаушылардың эмоцияларын манипуляциялауға бағытталған риторика қолданатындығы мен әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары саяси манипуляция жасау алаңына айналатындығына көз жеткізеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Есімова, Г., & Ертасова, Г. (2024). Медиакеңістіктегі post-truth ұғымы және оның саяси сипаты. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 4(149), 51–60. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/601

Most read articles by the same author(s)