Ойын журналистикасы БАҚ-тың жаңа коммуникациялық форматы ретінде
Қаралымдар: 82 / PDF жүктеулері: 123
Кілт сөздер:
бейнеойындар, ойын журналистикасы, геймификация, ақпараттық қатынастар, байланыс процесі, БАҚ аудиториясыАңдатпа
Жергілікті мүдделердің медиа форматын біріктіретін ойын журналистикасы
бүгінде арнайы аудиторияға арналған жеке ақпараттық сала болып отыр. Дегенмен медиа
ақпаратқа тән коммуникациялық принциптер жалпы журналистиканың принциптері мен
функциялары сияқты медиа нарықтың кез келген тауашалық салаларына да қатысты.
Компьютерлік ойын виртуалды мәдениеттің ерекше құбылысына айнала отырып,
шығармашылық және аудиториямен қарым-қатынас ұғымдарына түзетулер енгізді. Ойынның
негізінде көркем образ және кеңістіктік-уақыттық ұйым болғандықтан, оның аспектілері
бұқаралық ақпарат құралдарының коммуникативті форматтарына жақын. Сонымен қатар
геймификация қызметтерін медиа нарықпен жақындастырып, ақпарат кеңістігінде ойын
журналистикасы ұғымын берік орнықтырды.
Мақалада ойын журналистикасының аудиториямен қарым-қатынас процесі ретінде
оның қалыптасуы мен одан әрі даму мүмкіндіктері арқылы өзара әрекеттесу ерекшеліктері
қарастырылады және осы тақырып бойынша ғылыми дискурстың қажеттілігі негізделеді.