Журналистік зерттеу жүргізудің даму үрдісі


Қаралымдар: 11 / PDF жүктеулері: 40

Авторлар

  • Б.Ж. Каримова I.Жансүгipов атындағы Жетiсу унивеpситетi

Кілт сөздер:

журналистік зерттеу, БАҚ, жанр, цифрлы даму, әдіс-тәсілдер, ақпарат, дерек

Аңдатпа

Бүгінгі таңда журналистік зерттеу жанрының әлеуметтік-саяси өмірдегі қажеттілігі мен отандық журналистиканы дамытуда маңызды қызмет атқаратыны белгілі.

Журналистік зерттеу туралы айтқанда, еліміздегі сөз бостандығының жағдайын әлемдік жалпы үрдіспен салыстыра талдай отырып, теориялық-практикалық тұрғыдан қарастыру ескеріледі. Алайда бүгінде отандық журналистикадағы журналистік зерттеу саласының солғын тұстары жетерлік екендігі жиі айтылып та, жазылып та жүр. Ең алдымен бұл салада маманданған журналистердің аздығы, сонымен қатар, зерттеумен айналысатын журналистердің құқығын қорғайтын заңның болмауы т.б.

Ұсынылып отырған зерттеу мақаланың мақсаты – бүгінгі таңдағы отандық журналистік зерттеулер қатары қандай деңгейде көрініс береді, даму қарқындылығы, заманауи цифрлы технологиялардың журналистік зерттеулер жүргізуде қаншалықты тиімділігі сынды мәселелерге арналып отыр.

Ал шын мәнісінде, ашық қоғам мен демократияны дамытуда журналистік зерттеу жанрының маңызы зор болғандықтан зерттеу мақалада бүгінгі журналистік зерттеулердің келбетіне сипаттама жасау міндетін алға қойдық. Теориялық тұрғыдан қарағанда журналистика саласындағы журналистік зерттеулер басқа жұмыстардан еш өзгешелігі жоқ сынды көрініс береді. Алайда, бұл жанрдың өзіндік жауапкершілігі мен көтеретін жүгі салмақты екендігі белгілі. Мақаланы жазуда бірнеше зерттеу жұмыстары сараланып, оның тарихы мен даму ерекшеліктері мен шетелдегі журналистік зерттеу әдістеріне талдау жасалды. Қоғамға қызмет ету, ақиқат пен әділет үшін күресу журналистік зерттеудің негізгі қозғаушы күштері. БАҚ үшін журналистік зерттеу қоғам құндылықтарын қорғаушы ретінде көрінуіне, оқырман не көрермен сеніміне ие болуына себепкер екендігі маңызды.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Каримова, Б. . (2024). Журналистік зерттеу жүргізудің даму үрдісі. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series, 146(1), 116–131. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/450

Журналдың саны

Бөлім

Статьи