Телевизиядағы әлеуметтік-мәдени бейнекөріністердің көрерменге психологиялық-коммуникациялық әсері
Қаралымдар: 80 / PDF жүктеулері: 115
Кілт сөздер:
БАҚ, медиакоммуникация, медиаконтент, тeлeвизия, коммуникация, көрермен қауым, әлеуметтік желіАңдатпа
Қазіргі таңда БАҚ, технология және ғылыми зерттеулер байланыс арналарын кеңейтіп, тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде күнделікті өмірдегі әлеуметтік-мәдени және саяси түсініктердің қалыптасуын және өзгеруін тудырады. Бұл өзекті мәселе қайта құру университеттері мен оқу орындарына пәнаралық қатынастағы жаңа тәсілдерді әзірлеуді қажет етті. Сонымен қатар, аталмыш мәселе психология, әлеуметтану, саяси мінез-құлық үлгілері және БАҚ-тың көрермен қауымға әсерін зерттеуге бағытталған зерттеулердің пайда болуына әкелді. Осы тұрғыда БАҚ пен психологияның қарым-қатынасына маманданған тұлғалар тек оқу орындарында ғана емес, саясат, сәулет, коммерция, дизайн және инженерия сияқты салаларда да сұранысқа ие болды. Медиаконтентті (жаңа және дәстүрлі) пайдалану нәтижесінде психологияның қаншалықты рөл атқаратыны аса маңызды. Мәселен, теледидардан газетке, әлеуметтік медиа арналарынан билбордтарға дейін бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалын зерттеу жаңа жаһандық үрдістер мен мәдени өзгерістерді түсінуге мүмкіндік берді. Осы тұрғыда аталмыш зерттеу мақаласының негізгі мақсаты – медиа және коммуникациядағы психологиялық аспектілерді зерттеудегі теориялық тұжырымдарды айқындау; медиакоммуникациядағы әртүрлі жастағы көрермендердің психологиялық әсерін бақылау; медиапсихология саласындағы жаңа тәсілдер мен әдістердің қолданылу аясын кеңейту. Зерттеудің ғылыми тұжырымы – телевизиядағы әлеуметтік-мәдени бейнекөріністердің адамға деген психологиялық әсерін зерттеу барысында, әлеуметтік-мәдени көріністердің оң, яки, теріс ықпалын айқындау, рухани-танымдық бейнекөріністердің ықпалы мен зорлық-зомбылықты насихаттайтын бағдарламалардың әсерін сараптау, жан-жақты талдау.