Журналистің аксиологиялық-деонтологиялық мәртебесі
Қаралымдар: 64 / PDF жүктеулері: 63
Кілт сөздер:
журналистика, Беларусь бұқаралық ақпарат құралдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, аксиология, деонтология, медиа білім беру, әлеуметтік жауапкершілікАңдатпа
Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) дамуы ғылымның барлық салаларына, соның ішінде журналистикаға үлкен әсерін тигізгені рас. Бұл өзгеріс медиа саласындағы жаңа аксиологиялық-деонтологиялық мәселелер мен моральдық дилеммалар төңірегіндегі түрлі пікірталастың пайда болуына әкелді. Бұл мәселе кәсіби көзқарастарды, журналистиканың құқықтық нормалары мен этикалық қағидаларын жаңарту мен жетілдіруге, технологияларды дамыту мен азаматтардың мүддесін қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтау мақсатында ғылыми әдістерді таратудың ықтимал салдарын талдауға қатысты теңдестірілген рефлексияны қажет етеді. АКТ-ның медиа тәжірибесіне енгізілуі журналистің аксиологиялық-онтологиялық мәртебесін кәсібиліктің маңызды элементі ретінде қарастыру заңды.