Ақпараттық ресурстар мен цифрлы сауаттылық мәселелерін шешудегі «Бір белдеу - бір жол» бастамасы
Қаралымдар: 109 / PDF жүктеулері: 99
Кілт сөздер:
Ақпараттық ресурстар, цифрлы сауаттылық, Қытайдың ұлттық имиджі, Қазақстан-Қытай қатынастары, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы, геосаяси ландшафтАңдатпа
Зерттеу жұмысының мақсаты - "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясында Қытайдың ұлттық имиджін Қазақстандық БАҚ негізінде талдау. Зерттеу нысаны ретінде "ҚазАқпарат" халықаралық ақпараттық агенттігінің 2018-2022 жж. аралығында жарияланған Қытай туралы жаңалықтары қарастырылды. Зерттеу жұмысында жаңалықтардың жалпы саны мен тақырыбы бойынша статистикалық талдау жүргізіліп, мазмұнын саралап, жүйелі талдаулар жасалды. Мақалада "имидж", "жұмсақ күш", "қатты күш" тұжырымдамаларын теориялық негіз ретінде ұстанып, "ҚазАқпараттағы" Қытай имиджі саясат, экономика, мәдениет бағытында жан-жақты талданды. Зерттеу жұмысының нәтижесінде "ҚазАқпаратта" Қытайдың ұлттық имиджі объективті түрде жақсы, оң имиджге ие екенін байқадық. Нақтырақ айтсақ, "ҚазАқпаратта" Қытайдың саясат, экономика, мәдениет, әскери мәселелер және қоғамдық мәселелер бойынша қазіргі даму жағдайын дәл көрсетеді. Сонымен қатар сыникөзқарастағы жаңалықтар да талданды. Мақалада "Қытай перспективасын" қалыптастырушы факторлар анықталып, нақты түсінік берілді, бұл деректер Орталық Азияның геосаяси ландшафтындағы "Бір белдеу, бір жол" бастамасының маңыздылығын айқын түсінуге ықпал етеді.