Жарияланатын мәтіндік ақпаратты талдау негізінде ақпараттық белгілердің қоғамға ықпалының маңыздылығын кешенді бағалау
Қаралымдар: 60 / PDF жүктеулері: 31
Кілт сөздер:
бұқаралық ақпарат құралдары, мәтіндер корпусы, әлеуметке ықпал, кешенді бағалау, ақпараттық белгілерАңдатпа
Ашық ақпараттық көздердің қоғамға ықпалын бағалау жөніндегі зерттеудің барысында осы ықпалдың тиісті ақпараттық белгілері ұсынылды. Оларды апробациялау және олардың маңыздылығына бағалау жүргізу мақсатында сарапшыларға жаңалық сипатындағы жарияланымдар ұсынылды. Метабелгілеуі бар мәтіндер корпусы Tengrinews және Central Asia Monitor жаңалықтар порталының
негізінде қалыптастырылды. Мәтіндер корпусын сарапшылық белгілеу қорытындылары бойынша жасалынған ақпараттық белгілердің маңыздылығын талдау және кешенді бағалау жүргізілді.
Кешенді бағалау рәсімі маңыздылықты тексерудің статистикалық моделінде қолданылатын
аддитивті индекстерді құруды қамтиды. Мақалада деректерді жинау тәсімі сипатталған, қалыптастырылған мәтіндер корпусында математикалық модель әзірленген және сыналған. Маңыздылығын бағалаудың көпше регрессивті моделінің нәтижелері бойынша «қаралым саны»
айнымалысына дәйектілік, үндестік және объективтілік индекстері арасындағы статистикалық маңызды
әсер айқындалған. Сондай-ақ, модельдің R–квадраты детерминацияның бірқалыпты жақсы коэффициентін (0.44) көрсетті, бұл модельдің зерттеліп отырған феноменді барынша жақсы білдірткенін көрсетеді. Статистикалық модельдеу нәтижелерін соңыра мәтін майнинг рәсімі үшін және сайып келгенде
машиналық оқытудың автоматтандырылған жүйесін жасауға пайдалануға болады. Бұл нәтижелер жарияланымдардың қоғамға ықпалын бағалау әдістемесін әзірлеу кезінде қолданылуы мүмкін