Ұлттық даму мәселелері мен проблемалары «Қазақ әдебиеті» газетінде


Қаралымдар: 47 / PDF жүктеулері: 34

Авторлар

  • С. Садыков Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2018-124-3-8-18

Кілт сөздер:

әдебиет газеті, репрессия, кеңестік идеология, социалистік догматизм, кеңестік «жылымық», ұлттық қасиет, партиялық басылым, қаралау, империялық өктемдік, ақиқат туы, ұлт мүддесі, қазақ қаламгерлері

Аңдатпа

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті-
«Қазақ әдебиеті» өзінің сексен бес жылға жуық тарихында қилы-қилы кезеңдерді бастан кешіре
отырып, халықтың асыл арманын, көкейіндегі ойын терең ұғына білді, ақиқат пен әділдіктің
төрешісі, ұлттық рух жаршысы болды.
Басылым ұлт мүддесі жолында қоғамдық сананы қалыптастыру мен дамыту жолын, ұлттық
мәдениеттің жүгін өрге сүйреу мақсатын ұстанды. Республика тарихымен бірге жасасып, саяси,
әлеуметтік өмірдің қайнаған ортасынан табыла білді. Газеттің арқасында ел тағдырына байланысты қыруар мәселелер шешімін тапқанын ешкім де жоққа шығара алмайды. Кешегі кеңестік дәуірде қылышынан қан тамған коммунистік партияның қаһарынан ықпастан, ұлт мүддесін асқақтата
көтеріп, ақ-адал сөйлеуді қасиетті борыш санады. Сонау елуінші жылдардың ортасынан бастап,
сексенінші жылдарға дейін басылымның бас редакторларының тұрақтамағаны сондықтан да болса керек

Жүктеулер

Жарияланды

2018-09-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Садыков, С. (2018). Ұлттық даму мәселелері мен проблемалары «Қазақ әдебиеті» газетінде. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 124(3), 8–18. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2018-124-3-8-18

Журналдың саны

Бөлім

Статьи