Оралхан Бөкейдің публицистикасындағы ұлттық-рухани болмыс мәселелері


Қаралымдар: 76 / PDF жүктеулері: 82

Авторлар

  • С.Ш. Тахан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Б.А. Сиренова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-145-4-107-115

Кілт сөздер:

публицистика, очерк, руханият, Абай, тарихи сана

Аңдатпа

Мақалада Оралхан Бөкейдің публицистикалық материалдарындағы қазақ халқының заманауи руханилықтың үлгілері және тұрмыс-тіршілігінің көрініс табу мәселелері қарастырылады. Зерттеу аясында Абай мен Махамбеттің киелі есімдерінің ұлттық руханилықты құрылымдаудағы маңызы айшықтала отырып, оның генетикалық кодын айқындау үшін бүгінде халықтың өмірінде қалыптасқан әдет-ғұрыптардың алыс тарихи өткеннен келе жатқан терең мәдени символизмнің маңыздылығы атап өтіледі. Әсіресе, Бөкейдің өткен заманғы қазақ қоғамындағы шешендік сөзге деген жоғары құрметіне баса назар аударыла отырып, публицист түсінігінде болашаққа жеткізілуі тиіс рухтың ұлттық дәстүрі болып табылады. Халықтың рухани құндылықтарының ұрпақтан-ұрпаққа жеткізушісі, замандастарының рухани әлемінің айнасы, оның болмысының жаңа психологиясын бейнелейтін механизм ретінді Бөкей очерк жанрын жариялайды. Очерк сөз өнерінің пәрменді түрі және публицистиканың өзекті жанры, ұлттық руханияттың біртүрі ретінде бұрынғы ұлттық публицистиканың «көсемсөз» дәстүрін жалғастыруы керек. Бөкейдің көркем әдебиетке деген көзқарасында публицистика әдебиет журналистикамен тығыз байланыста қоршаған әлемнің қайшылықтарын бейнелеу және зерттеу құралдарын жетілдіретін қоғамдық сананың формасында сипатталады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-01-19

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тахан, С., & Сиренова , Б. (2024). Оралхан Бөкейдің публицистикасындағы ұлттық-рухани болмыс мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 145(4), 107–115. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-145-4-107-115

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)