Ұлт-азаттық көтеріліске жаңа көзқарас
Қаралымдар: 46 / PDF жүктеулері: 44
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2018-125-4-68-75Кілт сөздер:
1916 жылғы көтеріліс, 25 июнь жарлығы, ұлт-азаттық көтеріліс, Ақкөз батыр, Ақкөз Қосанов, Әулиеата көтерілісі, Меркі баскөтеруіАңдатпа
Уақыт озған сайын маңызы артып, мәні айшықтала түсетін тарихи оқиғалар болады. Сонымен бірге өз дәуірінде бәсі жоғары болғанымен, кейіннен бағасы кемитін құбылыстар да
аз емес. Айырмашылығы: алдыңғысын заманның өзі қалап, тарих тудырса, кейінгісін пенде қолдан
жасайды. Әрине, екеуін де екшеп, лайықты орындарына қоятын уақыт таразысы. Еліміз тарихында
ерекше аталып, жыл өткен сайын ұлықтала түсетін сондай келелі оқиғалардың бірі – 1916 жылғы
ұлт-азаттық көтеріліс. Бір өкініштісі, бұл кезең – алтынмен жазылса да, бодауы қанмен төленген
қаралы тарих. Бұл көтерілістің мәні туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы да Патшалық Ресейдің
отаршылдығы басқа елдердің отаршылдығынан асып түспесе, кем түспегенін, ал ондай жағдайда
ел намысының қозбауы, ер ашуына мінбеуі мүмкін еместігін атап өткен болатын.
Мақалада осы көтерілістің басты ошақтарының бірі болған Әулиеата, Меркі өңіріндегі
баскөтеру баяндалады. Көтерілістің туындау себептері, салдары және осы қарсылықты бастаушы
Ақкөз Қосанов жайлы тұщымды дәлелдер негізінде ғылыми тұжырым жасалады. 1916 жылғы
ұлт-азаттық көтеріліске жаңаша пайым таныту – материалдың басты нысанасы.