Қоғамдық-құқықтық сауаттылықтың БАҚ-тағы ерекшелігі
Қаралымдар: 47 / PDF жүктеулері: 36
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2018-125-4-44-50Кілт сөздер:
құқықтық сауаттылық, құқықтық тақырып, ақпарат кеңістігі, құқық негіздері, құқықтық мәдениетАңдатпа
Журналистикада құқық мәселесінің жазылуы заманауи ақпараттық кеңістіктің өзекті проблемаларының бірі екендігі белгілі. Ғаламтор мен әлеуметтік желілерде қолжетімді
«әркелкі» ақпараттың таралуы кезеңінде қоғамның құқықтық сауаттылығын арттыру проблемасы
одан әрі өзекті бола түседі.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру міндетін мойнына жүктеген дәстүрлі басылымдар бұл жұмысты қалай атқаруда, аталмыш проблема қандай басылымдарда көтеріледі, жарияланымдардың жанры мен жазылу тілі қандай, мақалада осы мәселелер сараланған. Еліміздің
халқын 18,3 миллионнан аса адамның құрайтындығын ескерер болсақ, соның 4,5 бөлігінің өз проблемасын шешу үшін әділдіктің соңғы инстанциясы – сотқа баруы әрине, қоғамда құқықтық сауаттылықты арттыру мәселесінің аса жоғары деңгейде емес екендігінің дәлелі болмақ.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға үлес қосуға тиіс, яғни болашақта осы салада
жазатын журналистерді құқықтық сауаттылық жағынан дайындау қандай дәрежеде, мақалада осы
мәселе қарастырылған