Мәдениеттен медиа-мәдениетке: қоғамдағы заманауи коммуникациялық қатынастардың жаңа құбылыстары
Қаралымдар: 58 / PDF жүктеулері: 38
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2019-126-1-59-66Кілт сөздер:
бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет, ақпараттық қоғам, медиамәдениет, мәдениеттің медиатизациялануы, мәдени медиадискурсАңдатпа
Мақалада өткен дәуірдегі мәдени коммуникацияны қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының делдалдық рөлі туралы сипатталып, жергілікті және аймақтық мәдениеттердің дәйекті ықпалдасу үдерісінің объективтілігі туралы ғылыми дәлелдемелер негіз бола
отырып, нәтижесінде түрлі жалпыадамзаттық мәдениетті үйлесім идеясының біркелкілігі бейне лейді. Жалпы жаһандық сананың қалыптасуындағы бұқаралық коммуникацияның жаһандануы өте
ықпалды маңызға ие екендігі айқындалған. Бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі - жалпықоғамдық ортаны қамтитын деңгейге дейін көтерілгендігі сипатталып, әлеуметтік және технологиялық
ландшафтардағы жаһандық өзгерістерге байланысты мәдениет кодтары жаңа мағыналық конфигурациялармен байланысы көрсетіледі, БАҚ - дәстүрлі, халықтық және бұқаралық мәдениеттің кодтарын тараптып ғана қоймай, мәдениеттің өзге түрі - медиамәдениетті қалыптастырады, қазіргі
мәдениеттегі түрлі кодтарды және символдарды бірыңғай медиалық үлгіге бағыттайды.