Қоғамды жаппай медиасауаттылыққа жеткізу жолдары
Қаралымдар: 118 / PDF жүктеулері: 111
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-140-3-85-91Кілт сөздер:
медиасауаттылық, медиамәдениет, ақпарат, қоғамдық сана, мемлекетАңдатпа
Осы мақалада қазіргі ауқымды ақпарат кеңістігінде халықты жаппай медиасауаттылыққа
жеткізудің жолдары қарастырылады. Осы бағытта мемлекет тарапынан қабылданған және атқарылған
шараларға шолу жасайды. Соның ішінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының қазақстандықтардың өміріне тигізген ықпалын, цифрландыру жасаған экономиканың жаңа моделін зерделейді. Одан бөлек, қоғамда ішінара медиасауаттылықтың болмауы салдарынан орын алып жатқан
кемшіліктер сараланады. Медиасауатылықты жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша нақты ісәрекеттер пайымдалып, тиімді жұмыс жүргізу үшін қандай құзырлы органдарды тарту қажеттігі де
тұжырымдалады. Медиасауаттылық бойынша халықтың барлық санатын қамту үшін мемлекеттік
деңгейде бағдарлама қабылдау қажеттілігі және оны шешу әрекеттері де баяндалады. Мақала авторы,
әсіресе дамыған елдердің медиасауаттылыққа барынша көңіл бөліп отырғанын алға тартып, медиасауаттылықтың тұтас мемлекет пен ұлттың медиамәдениетіне тікелей әсер ететін құрал екенін дәлелдеуге
тырысады.