Заманауи баспа ісінің мәселелері: дизайн, қаріп және беттеу


Қаралымдар: 98 / PDF жүктеулері: 230

Авторлар

  • Ж. Болатова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • А. Сарсенбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Д. Кулкенов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • А. Сләмғажы Astana IT University

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-144-3-122-132

Кілт сөздер:

баспа ісі, кітап дизайны, қаріп, қазіргі баспа өндірісі, баспа графикасы, кескін сапасы, кітап маркетингі, полиграфия

Аңдатпа

Ақпараттық технологиялар мен компьютерлік техниканың қарыштап дамуы баспа ісі саласына үлкен өзгеріс алып келді. Бүгінгі баспа ісі саласы бұрынғы қалыптық станоктан заманауи автоматтандырылған жүйеге көшті. Отандық баспалар соны ізденістер мен компьютерлік технологиялардың жаңалығын соңғы 10-15 жылдың көлемінде кеңінен қолданысқа енгізе бастады. Баспа графикасы компьютерлік технологияның бір бөлігі ретінде оқу процестеріне ене бастауының өзі қоғамның ғылым мен білімге, одан қалды жазу өнеріне айрықша көңіл бөлгенін білдіреді.

Қоғамдағы түрлі тарихи-әлеуметтік өзгерістерге сәйкес бірнеше жазу нұсқаларына бейімделіп, фонематикалық принципке сүйенетін, әріптердің жазылуынан, оның өрнегіне дейін баспа графикасы өз шеңберіне алған.

Кітаптың сыртқы безендірілуі ішкі мазмұнына тәуелді. Десе де, көзге бірінші түсетін кітаптың мұқабасы болғандықтан, кітап дизайнына ішкі мазмұннан кем қарауға болмайды. Отандық дизайн саласы айтарлықтай зерттелгенімен, кітап дизайнына, қаріпіне қатысты еңбектер жоқтың қасы. Осы айғақ зерттеудің өзектілігін арттыра түседі.

Тақырыпты тереңірек аша түсу үшін сапалық зерттеу әдісі пайдаланылды. Баспа нарығында белсенді қызмет атқарып жүрген үш баспа жұмысын зерттеу объектісіне ала отырып, олардың өніміне сапалық салыстырмалы анализ жасалды.

Осы зерттеу нәтижесінде кітап дизайнының негізгі элементтері ‒ сурет пен түстерді қолдануда және олардың негізгі графи­калық элементтердің пішіндік қасиеттерінің мәнеріне тәуелділігі айқындалды. Компьютерлік графикалық әдістерді пайдалана отырып, сурет пен түстерді кітап дизайнында қолданудың жаңа үлгілері көрсетілді. Кітап безендіруде тек баспа саласының кәсіби шеберлігі мен білімі емес, сонымен қатар, маманның түс, дизайн психологиясын да меңгерудің қажеттігі байқалды.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Болатова, Ж., Сарсенбаева, А., Кулкенов, Д. ., & Сләмғажы, А. . (2023). Заманауи баспа ісінің мәселелері: дизайн, қаріп және беттеу . Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 144(3), 122–132. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-144-3-122-132

Журналдың саны

Бөлім

Статьи