Қазақстандағы экологиялық журналистиканың даму ерекшеліктері
Қаралымдар: 228 / PDF жүктеулері: 127
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-144-3-103-121Кілт сөздер:
экологиялық журналистика, Арал қасіреті, Семей полигоны, экологиялық мәдениет, қоршаған ортаны қорғау, жаһандық жылыну, GEOАңдатпа
Мақала журналистиканың жаңа әрі тың саласы саналатын экологиялық БАҚ-тың қалыптасу және даму мәселелерін зерттеуге арналған. Зерттеудің өзектілігі – адамзаттың экологияға терең көзқарасы мен мәдениетін қалыптастырудағы БАҚ-тың алатын орнын нақтылау әрі бағамдау. Сондай-ақ экологиялық проблемалардың пайда болу себептері мен оның алғышарттарын айқындайтын шығармашылық сипатқа көңіл бөлу.
Зерттеудің мақсаты – экологиялық журналистиканың даму және қалыптасу кезеңдерін хронологиялық жылдар бойынша талдай отырып, қазіргі отандық және шетелдік БАҚ-тағы салыстырмалы деректер мен дәйектерді зерделеу. Осы орайда, ғылыми мақалада оны хронологиялық тұрғыда көрсетіп қана қоймай, оған қатысты проблемалардың себептерін ашуға басты назар аударылады.
«Экология» ұғымы терминінің мазмұндық сипаты өте ауқымды және кең. Зерттеу мақалада экология мен журналистиканы сабақтастыра отырып, ғалым-теоретиктер мен журналистердің ғылыми тұжырымдарына сараптама жасалады. Онда тек отандық журналистика саласының ғалымдары ғана емес, сонымен бірге алыс-жақын шетелдерде қызмет ететін майталмандардың ғылыми еңбектері де зерттеу объектісі болады.
Зерттеудің ғылыми тұжырымы – экологиялық журналистиканың нақты ғылымдардағы көрінісін қалыптастырып, олардың арасындағы байланысты қамтамасыз ету, қоғамдық ортадағы проблемалық тұстарын ашуға тырысу. Бұл әдістер салалық журналистиканың теориялық маңызын айқындап, оның әлеуметтік-қоғамдық, саяси-мазмұндық ерекшеліктерінің қалыптасуына да барынша мүмкіндік береді.
Осыған орай зерттеу мақалада экологиялық журналистиканың өткені мен бүгіні ғана қамтылып қоймай, оны ғылыми талдаудың жаңашылдық сипаты мен ерекшеліктері де қарастырылады.