Жаңа медиа және блогерлік: шетелдік, отандық тәжірибе негізінде


Қаралымдар: 59 / PDF жүктеулері: 41

Авторлар

  • Б. Токтарбай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А. Жақсылық Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2019-127-2-91-97

Кілт сөздер:

жаңа медиа, азаматтық журналистика, блог, дәстүрлі медиа, интернет, БАҚ

Аңдатпа

Автор бұл мақалада жаңа медиа және оның ішінде блогерлік жайлы баяндайды.
Интернеттің пайда болуы коммуникация саласы үшін үлкен жетістік болғандығын сонымен қатар
әсіресе, журналистика үшін айтулы кезең екендігін атап өтеді. Интернетпен бірге келген журналистикадағы техникалық және технологиялық жаңартуларды, олардың игілігін талдайды. Жаңа медиамен ере келген блог және блогерлік ұғымдарына тоқталады. Блог деген не, блогер деген кім дейтін
сұрақтарға жауап іздейді. Блогерлердің қоғамдағы орнын, олардың жұмыс істеу стилін және Қазақстандағы блогерлік жайлы жазады. Блог жүргізуде ескеретін мәселелерге, құқықтық және этикалық нормаларға көңіл аударады. Шетелдік және отандық блогерлер жайлы мысалдар келтіреді.
Отандық және шетелдік ғалымдар еңбектерінен теориялық және практикалық мысалдар қарастырады. Қазақстанда азаматтық журналистика, жаңа медиа, блогерлік ұғымдарының толыққанды орнығып, халық арасында кеңінен таралғандығын атап өтеді. Еліміздегі азаматтық журналистиканың
болашағы жайлы пікір айтады.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-06-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Токтарбай, Б. ., & Жақсылық, А. . (2019). Жаңа медиа және блогерлік: шетелдік, отандық тәжірибе негізінде. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 127(2), 91–97. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2019-127-2-91-97

Журналдың саны

Бөлім

Статьи