Расталмаған ақпаратты құқықтық реттеу: әлемдік және отандық тәжірибе


Қаралымдар: 29 / PDF жүктеулері: 19

Авторлар

  • Ә.М. Текенова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2019-129-4-14-21

Кілт сөздер:

жалған ақпарат, Қазақстандағы фактчекинг, құқықтық реттеу, әлемдік тәжірибе

Аңдатпа

Ақпараттық қауіпсіздікке қатер төндіретін тексерілмеген, жалған мәліметтердің,
мемлекет және жеке тұлғалардың ар-намысына, абыройына нұқсан келтіретін жел сөздердің әлеуметтік желі арқылы таралуына тосқауыл қойып, оны құқықтық реттеу - бүгінгі күн талабынан
туған аса өзекті мәселе. Ақпараттық шу, мүдделер қақтығысы, медиа соғыс, цифрлық коммуникация дәуірінде қызмет ететін журналист жұмысын күрделендіре түсті. БАҚ беделін сақтап қалу
да сын үстінде. Сол себепті осы саланы құқықтық реттеуге қатысты әлемдік тәжірибені білу аса
маңызды. Соның негізінде фактчекинг жасаудың негізгі тәсілдері мен оның инструменттері, айырмашылықтарын айқындау қажет. Нақтыланбаған ақпарат, ақпараттық манипуляция, фейк жаңалықтарға қарсы күресу үшін тұрақты мониторинг жасау және қатаң құқықтық реттеу болуы тиіс.
Мақалада Қазақстандағы ақпарат құралдарын құқықтық реттеу және осы саладағы әлемдік
тәжірибе батыс және шығыс елдерінің мысалында қарастырылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Текенова, Ә. . (2019). Расталмаған ақпаратты құқықтық реттеу: әлемдік және отандық тәжірибе. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series, 129(4), 14–21. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2019-129-4-14-21

Журналдың саны

Бөлім

Статьи