Кітап ісіндегі манхва жанры: тарихы мен даму болашағы
Қаралымдар: 90 / PDF жүктеулері: 92
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2020-131-2-59-68Кілт сөздер:
манхва, комикстер, суреттер, аниме, кітаптар, вебтунАңдатпа
Манхва – корейлік комикстер. Бұл терминнің бірнеше мағынасы бар.
Анимациялық мультфильмдер мен карикатуралардың анықтамасы ретінде қолданылады.
Манхва жапондық манга мен қытай манхуасына ұқсас. Олардың көптеген ортақ белгілері
болғанына қарамастан, осы шағын кітаптардың әрқайсысының өзіндік сипаттамалары бар.
Манхваға Кореяның тарихы әсер етті. Мақала кітап шығарудағы Манхва жанрының рөлін
зерттеуге арналған. Зерттеу барысында қарапайым кітап пен иллюстрациялық кітапқа талдау жасалды. Шығарманың маңызды аспектісі – манхваның оқырман қабылдауына әсерін
көрсету. Оңтүстік Кореядағы манхва комикстерінің танымалдығы мен айшықтылығын және
осы жанрдың отандық кітап ісіндегі пайдалылығын ғылыми тұрғыдан негіздеуге тұжырым
жасалды. Зерттеудің мақсаты – манхва жанрының баспа ісіндегі рөлін анықтау. Зерттеу
әдістері тақырып бойынша ғылыми әдебиеттерге шолуды, әлеуметтік сауалнаманы, салыстырмалы талдауды құрайды. Жұмыстың ғылыми құндылығы тақырыптың қазақстандық
ғылымда жеткіліксіз түсінілгендігінде және ғылыми зерттеулер үшін теориялық материал
ретінде, сонымен бірге, баспада практикалық маңыздылығын далелдеуден тұрады.