Қазақстан телеарналарындағы интерактивті үдерістер
Қаралымдар: 61 / PDF жүктеулері: 176
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2020-132-3-52-61Кілт сөздер:
интербелсенділік, digital-кеңістік, мессенжер, on-line режим, видеотека, платформаАңдатпа
Мақалада отандық телеарналарда интерактивтілік, яғни кері байланыс
үдерісінің қалай жүзеге асып жатқандығы туралы сөз болады. Көрермен мен теледидар
арасындағы байланыстың орнығуы – сапалы телеконтенттің туындауына әсер етеді.
Демек, «Қазақстандық арналар осы жолда коммуникацияның қандай түрін қолдануда?
Олар Интернет кеңістікке бейімделе алды ма?» деген сауалдарға ғылыми тұрғыда сараптама жасалады. Сонымен қоса, әлемдік телеөндірістегі интерактивті телеарналар
тәжірибесі отандық телеарналар қызметіне қаншалықты әсер еткендігі, коммуникциялық технологиялар ғана емес, Интернет желілері арқылы да массмедиа мен аудитория
арасындағы интербелсенділік деңгейін көтеруге болатын факторлар анықталады.
Телетәжірибе көрсетіп отырғандай, көрермен үшін маңызды факторлардың бірі – телеөнімінің соңғы нәтижесіне әсер ету. Осы тұрғыда телевизия қызметінде коммуникациялық үдерістерді дамыту, тікелей эфирде және on-line режімдегі хабарларға сұранысты арттыру мәселесі қарастырылады. Сонымен қоса, телеарналардың әлеуметтік
желілермен байланысы талданып, оны «Қай арна қаншалықты тиімді қолданып отыр?
Тележурналистер әлеуметтік желідегі парақшаларын қызмет бабына қосымша ретінде
пайдалана алып жүр ме?» деген сауалдарға да ғылыми тұрғыда жауап ізделеді