Әлеуметтік желідегі медиасаясат: мәселелері мен даму болашағы
Қаралымдар: 62 / PDF жүктеулері: 59
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-134-1-65-71Кілт сөздер:
әлеуметтік желі, интернет, веб-сайт, технология, медиаАңдатпа
Қазіргі таңда әлеуметтік желілер даму кезеңінде. Қысқа мерзімнің ішінде, көп нәрсе күрт
өзгерді. Заман өзгере бастады. Интернетте көп отырған адам, бірінші, өз-өзін жоғалтады. Психикасы, дүниеге деген түсінігі өзгере
бастайды. Ең жаманы, интернетке тәуелді болып, шын өмірді тастап, интернет әлеміне толықтай кіріп
кетеді.
Сондықтан біз интернетке тәуелді болудан сақтануымыз керек. Әйтпесе, зуылдап өтіп бара жатқан
уақытымызды одан ары қысқартып, мән-мағынасыз өткізіп алу қаупі бар. Телевизия, ғаламтор және әлеуметтік желілер 15 жылға жуық уақыттан бері интеграциялану процесінде. Әр адам оны қалай қолдануды өзі біледі, біреуі оң пайдасын көрсе, енді бірі теріс жақтарын пайдалануы мүмкін. Ғаламторды
бәсекелес емес, оны ақпарат көзі ретінде көру қажет. Себебі журналистикада жаңашылдық әрдайым
қажет. Заман талабына сай журналистика артта қалмауы тиіс. Әр адам әлеуметтік желінің оң және теріс
жақтарын бірге алып, осындай цифрлы қоғамда барлығынан озық болуы шарт.