Қазақстанда жаңа медианың қалыптасуы мен дамуы


Қаралымдар: 70 / PDF жүктеулері: 253

Авторлар

  • А.Б. Смаилова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ж.С. Таласпаева М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-135-2-64-70

Кілт сөздер:

интерактивтілік, әңгімелеу, әлеуметтік желілер, подкастинг, онлайн журналистика, дата журналистика, фактчекинг, SMM, жеке бренд

Аңдатпа

Мақала өзекті тақырып - Қазақстандағы жаңа медианың пайда болуы, дамуы мен әсеріне арналған. «Жаңа медиа» терминінің синонимі «конвергентті медиа», «мультимедиялық медиа» болып табылады. Интернеттің пайда болуымен бірге журналистиканың әр түрлі жанрлары біріктірілді
және мұның бәрі ақпаратты ұсынудың әртүрлі формаларымен қатар жүреді. Бүгін аудитория жаңалықтар тыңдап, инфографика арқылы көре алады. Кешкі жаңалықтарды теледидардан немесе таңғы
газеттерден күтпей жаңа медиа мен интернет-ресурстың арқасында ақпарат көрерменге тез әрі оңай
жетеді. Материалдың сипаты, формасы өзгерді, әдеттегі, қалыптасқан мәтін формаларының белгілі бір
мутациясы болды деп айтуға болады. Авторлар көптеген әлеуметтік желілерді талдап, олардың нені бейнелейтінін және қандай қасиеттерге ие екендіктерін көрсетті. Авторлар қазіргі кезде журналистика үлкен өзгерістерге ұшырағанын, ақпарат таратудағы журналистиканың жаңа жанрлары мен адамдардың
санасына әсер ету тәсілдерін көрсетеді. Сондай-ақ, автор журналистика мен жаңа медиа - бұл азаматтық
қоғамның перспективалы және тиімді институты екенін ашты. Мақалада жаңа медианы қолданудағы
жағымды және жағымсыз тенденциялары, сонымен қатар, осы мәселені шешудің жолдары көрсетілген.
Жаңа медианың маңызды бөлігі интерактивтілік болып табылады, ол әр пайдаланушының ақпаратты
алу және басқалармен алмасу қаншалықты тез және ыңғайлы болатындығын көрсетеді. Авторлар әлеуметтік желілер (YouTube, TikTok, Instagram) жаңа медиада маңызды тенденция екендігін дәлелдеп отыр.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Смаилова, А., & Таласпаева, Ж. . (2021). Қазақстанда жаңа медианың қалыптасуы мен дамуы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 135(2), 64–70. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-135-2-64-70

Журналдың саны

Бөлім

Статьи