Медиаресурстарды жіктеу мәселелері


Қаралымдар: 103 / PDF жүктеулері: 86

Авторлар

  • А.Ә. Маманқұл Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ұ.М. Есенбекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-135-2-49-55

Кілт сөздер:

медиаресурс, жіктеу, типологиялық модель, медиаресурстардың типологиясы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, АКТ, әлеуметтік желілер, әлеуметтендіру, интерактивті, Web сайт, онлайн

Аңдатпа

Мақалада ақпараттық қоғамдағы адам қызметінің маңызды платформасына айналған медиаресурстардың қалыптасуы, даму кезеңдері, жіктелу мәселелері сипатталған. Медиаресурстар типологиясында біртұтас, жалпыға бірдей қабылданған жіктеулері мен моделі әлі пайда болған жоқ. Бірақ медианың әртүрлі салаларындағы әртүрлі
жұмыстар маңындағы категорияларды жіктеу кезіндегі ғалымдардың критерийлері,
жіктеу нәтижелері көрсетілген.
Сонымен қатар мақалада агенттіктердің медиа нарықтағы орны мен рөлі, типологиялық түрлерді айқындайтын критерийлер келтірілген. Типологиялық белгілердің
сипатын, типологиялық топқа бөлінуін анықтайтын факторларды, типішілік айырмашылықтарды жалпы медиаресурстар типологиясының алғашқы нұсқасын құрастырып, қолдануға болатыны нақты дәлелмен көрсетілген.
Медиаресурстарды пайдалану көлемі GoogleChrome браузеріндегі іздеу нәтижелері бойынша алынған. Медиаресурстарды пайдалану салаларының үлесі мақалада пайызбен
нақтыланған. Медиаресурстарды жіктеу мәселесі хронологиялық тұрғыдан дамып,
оның кезең-кезеңге бөлінуі, бұл платформаның көбіне кәсіпқойларды қызықтыратындығына дәлел бар. Медиаресурстардың түрлері жаңа медиада дамып отырған платформалармен шектелмейді, дәстүрлі медианың да ықпалы орасан зор.
Ғалымдар өз нұсқаларын технологиялық, мақсатты, географиялық немесе басқа қағидаттары негізінде ұсынады. Қазіргі қолданыстағы жіктеулердің көпшілігін әуесқой
зерттеушілер, IT-бизнес саласындағы мамандар ұсынады. Сондықтан олар ғылыми
стандарттарға сәйкес келе бермейді. Қазіргі уақытта кәсіби зерттеушілер арасында
медиаресурстарды жіктеу үшін қандай критерийлерді қолдану керек деген ортақ пікір
жоқ.
Бұл жұмыста басқа авторлардың медиаресурстарды жіктеу ерекшеліктерін талдау
арқылы медиаресурстардың типологиясын жасаудың бір талпынысы көрсетілген

Жүктеулер

Жарияланды

2021-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Маманқұл, А., & Есенбекова, Ұ. . (2021). Медиаресурстарды жіктеу мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 135(2), 49–55. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-135-2-49-55

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)