«Оян, қазақ!» феномені: әлемдік ақпарат кеңістігінде
Қаралымдар: 237 / PDF жүктеулері: 199
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-135-2-27-33Кілт сөздер:
Алаш, феномен, азаттық, қоғамдық сана, алаштану, ұлттық сана, тәуелсіздік, міржақыптану, ақпараттық кеңістікАңдатпа
Мақалада Алаш арысы Міржақып Дулатұлының «Оян, Қазақ!» туындысы
және оның қоғам санасына тигізген ықпалы талданады. Алдымен феномен ұғымының
мән-маңызын аша отырып, автор бұл туынды не себепті қазақ қоғамының ұлттық,
азаттық санасына әсер еткен құбылыс ретінде бағалануға лайық екенін зерделейді. Сонымен қатар, тек қазақ қоғамына ғана емес, жаһандық сипаттағы феномендік құбылыс
сипаттарына дәлелдер келтіріледі. Әсіресе, түрік әлеміндегі туыстас ұлттардың сана-сезіміне тигізген ықпалына ғалымдар пікірімен сипаттама берілген. Бұл тақырып
ғылыми ортада феномендік ракурстан зерттеле қоймаған. Мақалада «Оян, қазақтың»
жапон дүниетанымына әсеріне қатысты айтылған кейбір күмәнді ғылыми пайымдаулар нақты деректермен тексеріледі. Түркия еліне қатысты айтылған тұжырымдар
да сол елдің зерттеуші ғалымдарының пікірімен салыстырылады. Мақалада Міржақып
Дулатұлының «Оян қазағына» қоғамдық құбылыс ретіндегі феномендік қырына тәуелсіздік, азаттық санасымен байланыстыра отырып баға берілген.