Қазақ анықтамалық-энциклопедиялық басылымдарының ерекшеліктері
Қаралымдар: 71 / PDF жүктеулері: 201
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-137-4-85-94Кілт сөздер:
анықтамалық басылымдар, энциклопедия, қоғам, тәуелсіздік, тарих, түркі халықтары, әдебиет, мәдениет, ғылым, зерттеушіАңдатпа
Қоғам өміріндегі бұрын-соңды болмаған саяси-әлеуметтік өзгерістер қоғамдық ғылымдардың сан-алуан проблемаларына жаңаша баға беріп, нақты деректер, тарихи материалдар негізінде жаңа тарихи таным тұрғысынан зерттеуді талап етуде.
Бірақ, жаңаны жасау – өткенді жоққа шығару емес. Өткенімізді танып-біліп, тарихтан
тағылым ала отырып, болашаққа қадам басу – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Мақаланың мақсаты – қазақ анықтамалық-энциклопедиялық басылымдарының тарихи даму жолдары мен қалыптасуына зерттеу жүргізіп, оның ел тарихындағы, соның
ішінде кітап тарихындағы орнын айқындау.
Зерттеу жұмысының ғылыми және практикалық құндылығына қазақ анықтамалықтарының даму жолдарын көрсете отырып, әр кезеңдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге
байланысты энциклопедиялық басылымдардың мазмұны сараланып, таным, тәрбие
құралы ретіндегі маңызын жатқызуға болады.
Мақала тақырыбын зерттеу барысында тарихи филологиялық, статистикалық, типологиялық, теориялық талдау, сипаттау, салыстыру, баға беру, ғылыми тұрғыдан
тұжырымдау әдістері қолданылды.
Ғылыми мақаланың басты нәтижесі – қазақ анықтамалық басылымдарының даму жолдарын көрсетіп, оны хронологиялық тұрғыдан кезеңдеу.
Мақаланың құндылығы – энциклопедия шығару ісінің журналистік қырын және энциклопедиялық мақалалардың өзіндік маңызы мен ерекшеліктерін анықтау т.б.
Мақала қазақ баспасөзінің және анықтамалық-энциклопедиялық әдебиет тарихын
зерттеушілер мен журналистика факультетінің студенттеріне, т.б. оқырмандарға
арналады