Көші-қон контекстіндегі этникалық БАҚ-тың функционалдық сипаттамаларын анықтау мәселесі
Қаралымдар: 181 / PDF жүктеулері: 154
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-143-2-16-27Кілт сөздер:
этножурналистика, миграция, бейімделу, ақпараттық қолдау, редакциялық саясат, жаңалықтарАңдатпа
Бұл мақала кросс-мәдениетаралық диалогты ұйымдастырудағы этникалық БАҚ мүмкіндіктері мен қоғам бірлестіктері туралы, сонымен қатар көші-қон концептерын түсіндіру туралы жазылған. Бұл зерттеудің мақсаты қазіргі геосаяси жағдайларда өзектіліктің жаңа деңгейіне көтерілген этникалық БАҚ феноменін зерттеу, сонымен бірге диаспоралар мен мигрант БАҚ ақпараттық кеңістіктерінің тақырыптық қиылысу факторларын қарастыру болып табылады. Қазақстан Республикасындағы этномәдени әртүрлілікті бейнелеуде осы платформалардың функционалдық ерекшеліктерін сипаттауға талпыныс жасалды. Этникалық БАҚ, медиа диаспорлар, мигранттар, шетелдік этникалық топтар мен азшылықтар ретіндегі әртүрлі түсіндірмелері зерттелді.
Этникалық журналистика мен негізгі медиа индустрияның жаңалықтар күн тәртібінің салыстырмалы талдауы; этнографиялық зерттеулердің, мәдени антропологияның және этникалық журналистиканың белгілері ұсынылған. Қазақстандағы этникалық БАҚ мазмұнын талдау бойынша авторлар мигранттардың ақпараттық және бейімделумен қамтамасыз етудің төмен деңгейін атап, редакциялық концепцияның жоқтығы және журналистердің бұл тақырыпқа қызығушылық танытпауы көрсетеді.