Data-журналистика: ғылыми тұжырымдары мен тәжірибесі
Қаралымдар: 74 / PDF жүктеулері: 442
Кілт сөздер:
data-журналистика, дерек, инфографика, визуализация, үлкен деректер, статистика, газет, журнал, мақала, журналист, публицист, автор, интерактивті карталарАңдатпа
Data-жуpнaлиcтикасы – бүгінгі қазақ журналистика теориясында тамтұмдап, енді ғана қана қарастырылып, зерттеліп отырған сала. Ол заманауи
журналистикада өз заңдылығы мен алатын орны бар, әлемдік феномен ретінде пайда
болып отыр. Зерттеудің жаңа саласы хақында қазақ тілінде теориялық негіз,
жүйеленген бағыт-бағдар тым аз. Осы мақсатта ғылыми мақалада әлемдік теориялық
ұстанымдарды алға тарта отырып, отандық журналистикадағы журналист
шығармашылығындағы визуализациялық шеберліктің рөліне, ашық деректермен
жұмыс істей алуы мен сараптамалық әдіс-тәсіліне талдау жасалады. Шетелдік dataжурналистер еңбегін еліміздің бүгінгі тәжірибесімен салыстыра отырып, нақты дәйек,
ой айтылады.
Сондай-ақ, автор ғылыми мақалада data-журналистикадағы статистикалық мәлімет
пен журналистің ақпарат берудегі әдісіне, оны аудиторияға таратудағы ұтымды
жолдарына барынша баға береді.