Қоғамның экологиялық санасын қалыптастырудағы журналистиканың рөлі


Қаралымдар: 65 / PDF жүктеулері: 270

Авторлар

  • А.Б. Ұйқасбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • А.Ә. Құрманбаева «Тұран» университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-139-2-88-94

Кілт сөздер:

экологиялық журналистика, экологиялық сана, экологиялық мәдениет, экологиялық мәселелер, медиаэкология, қоршаған орта, БАҚ

Аңдатпа

Мақалада әуелі экологиялық журналистиканың жалпы қалыптасқан
мерзімі жөніндегі пікірлер келтіріліп, сонан соң онымен байланысты «экологиялық сауаттылық», «экологиялық сана», «экологиялық мәдениет», «экологиялық білім» сынды
ұғымдарға түсініктер беріледі. Бұл ұғымдардың адам санасында қалай қалыптасатыны жайлы жан-жақты талқыланады. Қоғамдық экологиялық сана қалыптастырудағы
бұқаралық ақпарат құралдарының алатын рөлі туралы кеңінен сөз етіледі.
Адамның табиғатқа жанашырлық көрсетуі, қоршаған ортамен қарым-қатынаста
жауапкершілік танытуы үшін экология турасындағы базалық деректер мен мәліметтерді біліп қана қою жеткіліксіз болады. Ол үшін адамдар географиялық ортамыздың
қаншалықты және қалай өзгеріске ұшырап жатқанынан түрлі ақпарат көздері арқылы
күн сайын хабар алып отыруы керек. Мұндай материалдар экологиялық сауаттылыққа
және кейбір экологиялық мәселелердің алдын алуға, шешімін табуға әкеледі. Ал өз кезегінде бұл сипаттағы материалдарды кеңінен талдап жазу, жариялау, халыққа жеткізу
және тарату БАҚ-тың негізгі функцияларының бірі саналады.
Сонымен БАҚ-та жарияланған әрбір экологиялық сипаттағы сапалы контенттің
қоғамдық экологиялық сананы қалыптастыруда аса үлкен мағынаға ие болатыны белгілі болды. Мақалада экологиялық журналистиканың осы артықшылығы дәлел, дәйектермен көрсетіледі. Сондай-ақ, мақалада қоршаған ортамыз туралы ақпарат беруде
бұқаралық ақпарат құралдарының ақсап тұрған тұсы бар екені туралы да айтылады.
Жалпы болашақта азаматтардың экологиялық тұрғыдан сауатты, мәдениетті және
саналы болуына медиаэкологияның қазіргі жасап жатқан жұмысы тікелей әсер ететіні
дәлелденеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ұйқасбаева, А. ., & Құрманбаева, А. . (2022). Қоғамның экологиялық санасын қалыптастырудағы журналистиканың рөлі. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series, 139(2), 88–94. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-139-2-88-94

Журналдың саны

Бөлім

Статьи