Экстремалды жағдайларда құқық қорғау органдары баспасөз қызметтерінің журналистермен өзара әрекеттесуі
Қаралымдар: 76 / PDF жүктеулері: 94
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-139-2-71-78Кілт сөздер:
государственные органы, пресс-служба, журналист, средства массовой информации, PRАңдатпа
Мақала қоғамдық ғылымдарға, соның ішінде журналистика мен PR – қоғаммен байланыс
саласындағы өзекті мәселелерге арналған. Елімізде орын алған экстремалды жағдайлар кезінде құқық
қорғау органдары баспасөз қызметтерінің журналистермен өзара әрекеттесу проблемалары қарастырылды. Экстремалды жағдай орын алғанда жұмылдырылатын органдардың, әсіресе полиция, төтенше
жағдайлар органдарының баспасөз қызметінің жұмыстары, олардың шұғыл ақпаратты дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне беру тәртібі, уақыты мен ондағы өзекті мәселелер сараланды.
Мемлекеттік органдар мен дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы құжат айналымы мәселесі айтылды. Аталған проблема ретінде ресми ақпараттың кеш берілуі немесе мемлекеттік органдағы
баспасөз қызметтерінің бұқаралық ақпарат құралдарына түсініктеме беруден бас тартуы, мемлекеттік
органдарда мемлекеттік тілде ойын еркін жеткізетін спикерлердің тапшылығы сияқты проблемалар
көрсетілді. Сондай-ақ, брифинг, баспасөз жиындарын өткізудегі кемшіліктерге де назар аударылады.
Баспасөз қызметтерінің мекемедегі имидж мәселесі ескерілді. Ресми ақпараттың кешігуі салдарынан
қоғамда жалған ақпараттардың жариялануы орын алатынын және оған жол бермеу мақсатында қандай
нақты шаралар қабылдау қажеттілігі туралы айтылады. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінің еркіндіктерінің шектеулі екені, шұғыл жағдайда өздігінен шешім қабылдай алмауы, олардың басшыларының қатаң бақылауында жүретіндігі жұмыстың сапасына әсер ететіні жөнінде
нақты дәлелдер келтірілді.