«Милли адабият» журналы: ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақ эмиграциялық баспасөзінің әдеби-публицистикалық арнасы
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-156-3-182-203Кілт сөздер:
«Милли адабият» журналы, майдандық баспасөз, қазақ көсемсөзі, эмиграциялық баспасөз, Түркістан легионерлері, Түркістан Милли Комитеті, ұлттық жадАңдатпа
Мақалада ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында Берлинде жарық көрген «Милли адабият» журналының қазақ эмиграциялық баспасөзі тарихындағы орны қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – басылымды кеңестік майдандық газеттерден тыс қалыптасқан әдеби-публицистикалық арна тұрғысынан талдап, оның тақырыптық-идеялық бағытын, жанрлық құрылымын және ұлттық жадты сақтаудағы қызметін айқындау. Зерттеудің ғылыми маңызы «Милли адабиятты» соғыс кезеңіндегі қазақ көсемсөзінің эмиграциялық-легионерлік ортада қалыптасқан ерекше үлгісі деп бағалауымен айқындалады. Тәжірибелік мәні журнал материалдарын қазақ баспасөзі тарихы, эмиграциялық әдебиет және Түркістан баспасөзі мәселелерін зерттеуде дереккөз ретінде пайдалануға мүмкіндік беруімен байланысты. Зерттеу дереккөзі ретінде журналдың қолда бар №1-8 сандары алынды. Мақалада деректанулық, тарихи-контекстік, мазмұндық, жанрлық-құрылымдық және салыстырмалы-тарихи талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде
«Миллиадабияттың»атауыәдебижурналсипатындаболғанымен,мазмұны жағынан ұлттық-публицистикалық міндет атқарғаны анықталды. Басылымда отан, ел, жер, тарихи жад, түркі бірлігі, рухани мұра және азаттық идеясы көркем шығармалар, публицистикалық материалдар, ән-нота үлгілері, аудармалар және әдеби-танымдық мақалалар арқылы көрініс тапты. Журнал әрі тарихи тұрғыдан қайшылықты жағдайда туған басылым, әрі эмиграциялық ортадағы ұлттық жадты сақтаған маңызды мәдени дереккөз ретінде пайымдалады.



