Меметиканың символдық мәні және цифрлы коммуникациядағы рөлі


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-156-3-114-126

Кілт сөздер:

ым, меметика, символдар, цифрлы коммуникация, виртуальды жанр

Аңдатпа

Медиа ортаны жедел цифрландыру жағдайында журналистика. Мақалада меметика саласының бүгінгі таңдағы негізгі проблемалары, оның ішінде символдық мәні мен цифрлы коммуникациядағы маңызы қарастырылды. Зерттеудің мақсаты: интернет мемдерді ақпарат таратудың және коммуникация орнатудың тиімді тәсілі ретіндегі қолданыстарын талдау арқылы оның жаңа жанр түріндегі сипатын саралауға бағытталады. Қоғамдық пікір қалыптастырудағы жеделділік функциясының ықпалы талданады. Мемдердің цифрлық модель түріндегі бірліктерінің таралу, қайталану, өзгеру және қабылдану заңдылықтарын бұрынғы зерттеулерге сүйене отырып айқындау да маңызды. Қай салада және неліктен мемдердің қолайлы болатындығына жасаған талдауымыз практикалық қолданыста тиімді болады деп ойлаймыз. Мемдердің сим-волға айналу үдерісінің мәнін ашып, оның имидждік технология ретіндегі тиімділігі де нақты мысалдармен, теориялық тұжырымдармен көрсетілді. Зерттеуде мемдердің коммуникациялық қызметіне эмпирикалық талдаулар жасалды. Қоғаммен байланыс саласы мамандары үшін мемдерді визуалды жанр ретінде қолданудың тиімділігін талдап көрсету де – зерттеуіміздің өзекті қыры. Меметика ғылымының зерттеуді қажет ететін қырларын ашу арқылы болашақ зерттеушілерге ұсынған бағыт-бағдар-ларымыз да осы саланы зерттеуге өзіндік үлес қосады деп ойлаймыз.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-10-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тұржан, О., Әбілхан, А., & Бекжанова, Д. (2026). Меметиканың символдық мәні және цифрлы коммуникациядағы рөлі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 156(3), 114–126. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-156-3-114-126

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)