Қазақ той дәстүрінің бұқаралық ақпарат құралдарындағы репрезентациясы


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-156-3-48-63

Кілт сөздер:

журналистика, медиатану, қазақ тойы, репрезентация, фрейминг, цифрлық медиа, ұлттық бірегейлік

Аңдатпа

Мақалада қазақ той дәстүрінің бұқаралық ақпарат құралдары мен цифрлық медиадағы репрезентациясы журналистика және медиатану тұрғысынан талданады. Зерттеудің мақсаты – қазақ тойының баспасөз, ақпарат агенттіктері, интернет-порталдар және әлеуметтік желілердегі берілу ерекшеліктерін анықтап, оның қоғамдық санадағы мағыналық құрылымдарын сипаттау. Әдіснамалық негіз ретінде agenda-setting, framing, mediatization және representation теориялары алынды.

Эмпирикалық материал ретінде Egemen Qazaqstan, Kazinform, Abai. kz, Aqshamnews.kz, Әділет, Қазақ газеттері, Қармақшы таңы басылымдарындағы жарияланымдар және Instagram желісіндегі @qalamtarih парақшасының танымдық контенті қарастырылды. Сапалық контент-анализ және фреймдік талдау нәтижесінде қазақ той дәстүрінің медиада ұлттық мұра, ағартушылық, әлеуметтік сын, экономикалық-коммерциялық және ұлттық бірегейлік фреймдері арқылы ұсынылатыны анықталды. Зерттеу нәтижелері қазақ тойларының қазіргі медиалық кеңістікте тек этно-графиялық нысан емес, ұлттық мәдени кодты қайта өндіретін, қоғамдық пікір қалыптастыратын және цифрлық ортада жаңа мағынаға ие бола алатын коммуникациялық феномен екенін көрсетеді. Зерттеудің тәжіри-белік маңызы алынған нәтижелерді ұлттық мәдениетке қатысты медиа-контент әзірлеуде, журналистік материалдарды фреймдік тұрғыдан талдауда, сондай-ақ қазақ дәстүрлерін цифрлық платформаларда танымдық әрі заманауи форматта ұсынуда пайдалануға болатындығында.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жумабеков, Е., Қуантаев, Н., & Тоқтарбек C. (2026). Қазақ той дәстүрінің бұқаралық ақпарат құралдарындағы репрезентациясы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 156(3), 48–63. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-156-3-48-63

Журналдың саны

Бөлім

Статьи