Отандық БАҚ-тың технологиялық және саяси факторлары


Қаралымдар: 103 / PDF жүктеулері: 62

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2025-151-2-84-94

Кілт сөздер:

саяси журналистика, ықпал етуші факторлар, технологиялық, саяси, қоғам, сана, таным

Аңдатпа

Мақала саяси журналистикаға ықпал етуші технологиялық және саяси факторларды талдауға арналған. Мақалада қазіргі қазақ саяси журналистиканың алғашқы бастау көздері «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің жарыққа шығуының өзі қоғамдық ортаға сауатты ақпаратты тарату, саяси сауатын арттыру негізінде ел санасына әсер ету мақсатынан туғандығын негізге ала отырып, бүгінгі журналистикадағы саяси бағыттағы материалдармен жұмыстың теориялық мәселесі талданады.  Мақсатымызқазіргі БАҚ-тағы саяси материалдарға ықпал ететін технологиялық және саяси факторлардың теориялық негіздерін айқындау. Мақалада зерттелген теориялық тұжырымдарды қазақ БАҚ-тарындағы саяси материалдарды талдауда қолдануға, осы саладағы дайындалатын ғылыми-зерттеу еңбектерінде  болады. Біз бұнда салыстыру, талдау, шолу, жинақтау әдіс-тәсілдері қолданылды.  Бұнда қазіргі саяси журналистикаға әсер ететін технологиялық және саяси факторлар туралы талдау берілді. Осы талдауларды теориялық тұжырым ретінде ал отырып, қазақ тіліндегі бұқаралық-ақпарат құралдарындағы саяси материалдарға талдау жасауға, қоғамдық ортаның саяси материалдарды қабылдау деңгейлеріне, ықпал етуші факторлардың орнын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу құндылығы саяси журналистиканың негізгі мақсаты қоғамдық ортаның саяси сауатын көтеру, халықтың өзінің болашағына деген жауапкершілігін арттыру, бұқаралық-ақпарат құралдары материалдарымен жұмыс істеудің технологияларына дағдыландыруға бағыттайтын ой-тұжырымдар берілуімен құнды. Берілген теориялық талдаулар саяси журналистиканың теориялық нысаны болатын ықпал етуші факторлар жайындағы кең көлемдегі зерттеулерге ұласады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-20

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қапасова, Б., Елікпаев, С., & Қуантаев, Н. (2025). Отандық БАҚ-тың технологиялық және саяси факторлары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 151(2), 84–94. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2025-151-2-84-94

Журналдың саны

Бөлім

Статьи